"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 630 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6695 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай толықтырулар:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
      01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
      2 «Төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 03, 04 ерекшеліктермен толықтырылсын;
      «03 Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінен қайтару
      04 Облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады