"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 85 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 29 желтоқсандағы № 6710 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.25 № 125 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді бірыңғай мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5995 тіркелген) 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы бұйрығына келесідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді бірыңғай мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың (одан әрі - Нұсқаулық):
      3-тармағының:
      екінші азат жолы «коммерциялы емес ұйымдардың» сөздерінен кейін «, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды» сөздерімен толықтырылсын;
      үшінші азат жолында «сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар» сөздері «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын коммерциялық емес ұйымдар және жеке тұлғалар» сөздерімен ауыстырылсын;
      4-тармағының:
      төртінші азат жолында «сонымен қатар ішкі ведомстволық мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар» сөздері «ішкі ведомстволық мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар осы мемлекеттік органдар меншік иесі немесе құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар» сөздерімен ауыстырылсын;
      жетінші азат жолында «4-тармақпен» сөздері «4 және 5 тармақтармен» сөздерімен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын;
      «7-1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкері ақпараттық құжаттар келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей деректер базасына ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтерін енгізеді.»;
      13-тармағында:
      14) тармақшада «ескерту туралы мәліметтер» сөздерінен кейін «немесе ескертудің мерзімін сақтамау» сөздерімен толықтырылсын;
      21-тармағының:
      екінші азат жолында «, тексеру басталу жоспарланатын мерзім» сөздері алып тасталсын;
      22-тармағы келесі мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) 5.1 тармақта Заңның 37-1 бабы 7-тармағымен көзделген жоспардан тыс тексерудің негізі көрсетіледі: 01 - тексеру нәтижесінде және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылар, ұсыныстар, ескертулер) орындалуын бақылау (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 1-тармақшасы); 02 - жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан және жергілікті өкілетті органдардан адамдардың өміріне, денсаулықтарына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекетке елеулі зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін төндіру туралы жеке және заңды тұлғалардан ақпараттар мен өтініштерді алу (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 2-тармақшасы); 03 - тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында азаматтық-құқықтық қатынастарда тұрған жеке кәсіпкерліктің тексеруші субъектісінің үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеруі (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 3-тармақшасы); 04 - жеке кәсіпкерлік субъектісінің оның қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамалы өтініші (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 4-тармақшасы); 05 - егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру өткізу көзделсе, оның жойылуы (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 5-тармақшасы); 06 - жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастапқы тексерумен келіспеуі туралы арызына байланысты қайталанған тексеру (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 6-тармақшасы); 07 - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 7-тармақшасы); 08 - салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында көрсетілген мәліметтер мен мәселелер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 8-тармақшасы);»;
      35-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «35. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдары тоқсан сайын аумақтық басқарманың қолы қойылып, құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органға келесі есептік кезеңдегі айдың 5-санына қағаз жүзінде және электронды түрде ұсынылатын 1-П нысанды есепті қалыптастырады және бекітеді.»;
      36-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «36. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарының бекіткен есептері негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органдары республика бойынша жинақталған есепті қалыптастырады.»;
      «ҚР мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулер туралы мәліметтердің есепке алу карточкасы» Нұсқаулықтың 1-қосымшасы келесі мазмұндағы 5.1. деректемемен толықтырылсын:
      «5.1. Жоспардан тыс тексерулердің негізі»: 01 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 1-тармақшасы; 02 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 2-тармақшасы; 03 -Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 3-тармақшасы; 04 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 4-тармақшасы; 05 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 5-тармақшасы; 06 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 6-тармақшасы; 07 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 7-тармақшасы; 08 - Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 8-тармақшасы; 5.1.///»;
      «Мемлекеттік органның тексеру жүргізу жоспары» Нұсқаулықтың 8-қосымшасындағы 5-бағана алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                        Қ. Мәми

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады