Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 № 975 бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 6380 тіркелген 2010 жылы 19 тамызда № 219 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы «мамандандырылған» деген сөзден кейін «, жоғары мамандандырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары мамандандырылған көмек (бұдан әрі - ЖММК) стационарлық және стационарды алмастыратын, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық нысанда көмек түрінде республикалық деңгейде көрсетіледі.»;
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стационардың маманы белгілеген жоспарлы емдеуге жатқызу күні осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым пациентке берілетін Жоспарлы емдеуге жатқызу талонына автоматты түрде енгізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Күн сайын сағат 12.00-де, 15.00-де және 17.30-да амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның мамандары медициналық ұйымдарда ЖММК және біліктілікті, мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін, нысан бойынша Күту парағын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес қарап шығады және стационар белгілеген жоспарланған емдеуге жатқызу күнін бақылайды.»;
12-тармақта «жолдама,» деген сөздің алдынан «білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекмелерде ЖММК көрсету үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартса, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.
Пациент медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартқан жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациентке бос төсектері бар болса басқа медициналық ұйымды таңдауды ұсынады немесе барынша ерте емделуге жатқызу мүмкіндігін қарастырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.
Егер пациент білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік және өңірлік медициналық ұйымдарда ЖММК көрсету үшін медициналық ұйымды бастапқы таңдауды өзгертсе, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бос төсектерді есепке алу парағындағы өзекті деректерді талдауды ескере отырып пациенттің нақты таңдауына сәйкес келетін медициналық ұйымның атауын енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6, 18-7, 18-8, 18-9, 18-10, 18-11, 18-12, 18-13-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Осы Нұсқаулықтың 18-2-тармағына сәйкес ЖММК көрсететін медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін жоспарлы емдеуге ТМККК шеңберінде медициналық ұйымды еркін таңдауға пациенттің құқықтарын және емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санын ескере отырып жүзеге асырылады.
18-2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы медициналық мекемелерде ЖММК көрсету үшін жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Порталға жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы пациентке береді.
18-3. Республикалық медициналық ұйымда пациентке мамандандырылған немесе ЖММК көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы бөлімше меңгерушісімен немесе амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6711 тіркелген) бекітілген Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесіне (бұдан әрі – ЖММК ережесі) сәйкес пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдарының ЖММК бойынша комиссиясының (бұдан әрі – ЖММК комиссиясы) қарауына ұсынады.
18-4. Жергілікті медициналық мекемелерде көрсетіле алмайтын көмек мамандырылған немесе ЖММК көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу, өңірлік комиссияның шешімімен және емдеуге жатқызудың жобаланған санымен жүзеге асырылады.
18-5. Стационардың емдеуші дәрігері бөлімшесінің меңгерушісімен немесе бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп пациентке республикалық медициналық ұйымдарда мамандандырылған немесе ЖММК көрсету үшін медициналық айғақтары болса пациенттің тұратын жері бойынша ЖММК комиссияның қарауына стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені факсимальдық байланыс арқылы жібереді.
18-6. Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшасына сәйкес ЖММК комиссиясы мамандандырылған немесе ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде жолдаманы Порталда тіркейді және жіберген амбулаториялық-емханалық ұйымға автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жібереді.
18-7. Өңірлік медициналық ұйымның стационарындағы пациент мамандандырылған және ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдаған жағдайды ЖММК комиссияның жолдаманы Порталда тіркейді және пациент жатқан стационарға емдеуге жатқызудың автоматты қалыптастырылған кодымен ЖММК үшін емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы факсимальдық байланыс арқылы береді.
18-8. Өңірлік деңгейде ЖММК көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациенті республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін ЖММК комиссияның қарауына құжаттардың пакетін жібереді.
18-9. ЖММК көрсету кезінде ЖММК көрсететін медициналық ұйымда стационарлық деңгейде диагностика мен емдеудің барлық бар әдістері пайдаланылған емдеуде пациентке оң әсері болмаған жағдайда, ал республикалық медициналық ұйымда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістер қолданылады, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы факсимальдық байланыс арқылы стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені ЖММК комиссияның қарауына жібереді.
18-10. Пациентке ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда ЖММК комиссия бас тартуды Порталда тіркейді және уәждемеленген бас тартумен қоса құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
18-11. Мамандандырылған және ЖММК көрсететін республикалық медициналық ұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көрсету тәртібіне сәйкес пациентті өз бетінше емдеуге жатқызуға құқылы.
18-12. Республикалық медициналық ұйым мамандандырылған және ЖММК көрсету үшін емдеуге жатқызу туралы өз бетінше шешім қабылдау кезінде республикалық медициналық ұйым жолдаманы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталда тіркейді, емдеуге жатқызудың автоматты қалыптастырылған кодымен жолдаманы басып шығарады және оны пациенттің медициналық картасына қосады.
18-13. Консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы пациенттің құжаттар пакетін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес республикалық медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін ЖММК комиссияның қарауына жібереді.
Республикалық медициналық ұйымда Пациентке консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссия жолдаманы Порталда тіркейді және құжаттардың пакетін автоматты қалыптастырылған кодымен осы Нұсқаулыққа бекітілген нысанға сәйкес нысан бойынша басылып шыққан жолдамамен жіберген амбулаториялық-емханалық ұйымға беріледі.
Пациентке консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес ЖММК комиссия жолдаманы Емдеуге жатқызу порталына тіркейді және уәждемеленген бас тартумен қоса құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.»;
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші жолмен толықтырылсын:
«ЖММК көрсету жөніндегі ЖММК комиссиясының шешімі бойынша емдеуге жатқызу жолдамасын тіркегенде, медициналық ұйым белгілеген емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін стационарлардағы бос төсектер туралы өзекті деректердің негізінде ЖММК комиссия ұсынады.»;
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 6-қосымшаман толықтырылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес басылымда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 938 бұйрығына 1-қосымша
Емдеуге жатқызу бюросы
порталы арқылы тегін
медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 20___жылғы «___»_______ №_____бұйрығымен бекітілген № 021/е нысанды медициналық құжаттама |
|
Ұйымның атауы |
Медицинская документация Форма № 021/ у |
Республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға
ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ
на получение высокоспециализированной консультативно-диагностической помощи на республиканском уровне
Жолдама нөмірі/Номер направления |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| жылы(год) |_|_|_|_|
Жіберген медициналық ұйымның атауы/Наименование направляющей медицинской организации _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Пациент туралы деректер/Данные о пациенте
Тегі/Фамилия ______________________ Аты/Имя _______________ Әкесінің аты/Отчество ______________________
Туған жылы/Год рождения |_|_|_|_| Күні/Дата |_|_| Айы/Месяц |_|_| Жынысы/Пол |_е/м_|_ә/ж_|
Тұрғылықты жері/Место жительства_____________________________________
Жұмыс, үй телефоны/Рабочий, домашний телефон_________________________
Жұмыс немесе оқу орны/Место работы или учебы_________________________
Жіберген кездегі диагнозы/Диагноз при направлении
Негізгі/Основной_____________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10_______
Қосалқы/Сопутствующий _______________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10______
Күні/Дата ____________________
Республикалық деңгейде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің өңірлік комиссия төрағасы/Председатель региональной комиссии консультативно-диагностической помощи, оказываемой на республиканском уровне ____________________/____________________________________/
(қолы)/ (подпись) (Т.А.Ә.)/(Ф.И.О.)
Мөр орны/Место печати
Сыртқы жағы/Оборотная сторона
Республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйым толтырады/Заполняется медицинской организацией, оказывающей высокоспециализированную консультативно-диагностическую помощь на республиканском уровне
1) Мамандар консультациясы/Консультации специалистов _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) Зерттеу(зерттеу түрі көрсетілсін)/Исследования (указать вид исследования)________________________________________________________ _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды диагноз/Окончательный диагноз
Негізгі/Основной ________________________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/код диагноза МКБ 10_____
Қосалқы /Сопутствующий _________________________/ ХАЖ-10 диагноз коды/ код диагноза МКБ 10____
Күні/Дата ____________________
Республикалық деңгейде жоғары
мамандандырылған консультациялық-диагностикалық
көмек көрсететін медициналық ұйымның басшысы/
Руководитель медицинской организации,
оказывающей высокоспециализированную
консультативно-диагностическую помощь
на республиканском уровне
____________________/_____________________________________________
(қолы)/ (подпись) (Т.А.Ә.)/(Ф.И.О.)
Мөр орны
Место печати
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 938 бұйрығына 2-қосымша
Емдеуге жатқызу бюросы
порталы арқылы тегін
медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде стационарға
жоспарлы емдеуге жатқызуды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша
нысан
КҰЖЖ бойынша ұйым коды |
Қазақстан Республикасы |
Медициналық құжаттама |
|
Ұйымның атауы |
Медицинская документация |
ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ
Код_____________________________________________
Жіберуші медициналық ұйымының атауы (наименование направляющей медицинской организации*)
Жіберілді (Направляется в)___________________________________________
МҰ, бөлiмшенiң атауы (наименование МО, отделение)
Азамат (Гр-н (ка))___________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты /фамилия имя отчество)
Туған күнi (Дата рождения)___________________________________________
Амбулатория науқастың медициналық картасының №/
Стационарлық науқастың медициналық картасыны №_______________________
№ медицинской карты амбулаторного пациента
или № медицинской карты стационарного больного)______________________
Мекен-жайы (Домашний адрес)__________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны (Место работы или учебы)_______________________
_____________________________________________________________________
Диагноз______________________________________________________________
ХАЖ коды (код по МКБ)________________________________________________
Дата планируемой госпитализации
Тіркеу күні (Дата регистрации)________(Жоспарлы емдеуге жатқызу күні) _______________
Дәрiгер (Врач)_________________ Т.А.Ә., дәрiгердiң коды (Ф.И.О., код
қолы (подпись)
врача) врача)___________________
* Стационарға науқасты жоспарлы емделуге жатқызуға медициналық ұйымдардың өз бетінше жіберуге құқығы бар (на плановую госпитализацию больных в стационар имеют право направлять самостоятельные медицинские организации)
«Стационарды таңдаумен келісемін»
«С выбором стационара согласен»
Науқастын қолы Подпись больного