"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6141 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 шілдедегі № 104 (1307) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақта бесінші абзацта "Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды." деген сөздер "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың тоғызыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.";

      7-тармақта:

      алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      он бірінші абзацтағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың 2) тармақшасында "тіркеу қызметінің" деген сөз "тіркеуші органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақтың 2) тармақшасында "тіркеу қызметінің" деген сөз "тіркеуші органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.";

      7-тараудың атауындағы "(филиалдың және өкілдіктің)" деген сөздер алынып тасталсын;

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Құрылтай құжаттарына қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) құрылтай бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс.";

      35-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. 3аңды тұлғаның мекен-жайын бiр облыстан екiншi облысқа (Астана және Алматы қалалары), бір ауданнан екінші ауданға ауыстыруына байланысты құрылтай құжаттарына қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын енгiзілген өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу үшін тiркеушi органға мынадай құжаттар:";

      келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жаңа мекен-жайын растайтын құжатты ұсынады.";

      36-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "36. Көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн тiркеушi орган:

      1) құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы қайта толтырылған куәлiктi беру және бұрынғы куәлiктi жою туралы бұйрық шығарады;

      2) Тіркелімге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi;

      3) БСН бере отырып, жаңа мекен-жайы, тiркелген нөмiрi және заңды тұлғаны тiркеген (қайта тiркеген) күнi және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын көрсете отырып, бастапқы мемлекеттік тіркелген және бұрынғы тіркелген күні көрсетiлген заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi және статистикалық карточканы бередi;

      4) заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайы бойынша тiркеушi органнан оның құжаттарын сұратып алады;

      5) iске бұрынғы куәлiктiң төлнұсқаларын, статистика карточкасының, салық төлеушінің куәлігінің көшiрмесiн, сол сияқты жаңа ұсынылған құжаттарды тiгедi;

      6) бұйрық көшiрмесiн заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайындағы тiркеушi органға жiбередi. Алынған бұйрық көшiрмесi негiзiнде тiркеушi орган Тіркелімге заңды тұлға қызметiн тоқтатқаны туралы жазбаны және электронды банкке деректердi енгiзу арқылы Тіркелімдегі бұрын тiркелген заңды тұлға туралы мәлiметтi шығарады.";

      37-39-тармақтар алынып тасталсын;

      8-бөлімнің атауында ", заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) құрылтай құжаттарының" деген сөздер алып тасталсын;

      41-тармақта:

      бірінші абзацта ", заңды тұлғалардың (филиалдар мeн өкілдіктердің) құрылтай құжаттарының" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшада ", заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) құрылтай құжаттарының" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына және өкілдіктеріне мемлекеттік тіркеу (есептік тіркеу) (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің төлнұсқаларын бергені үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты.";

      алтыншы абзацта "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін" деген сөздер "заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына және өкілдіктеріне мемлекеттік тіркеу (есептік тіркеу) (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің төлнұсқаларын бергені үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-тармақ алып тасталсын;

      43-тармақта:

      бірінші абзацта ", заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) құрылтай құжаттарының" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацта "мен құрылтай құжаттарының" деген сөздер алып тасталсын;

      12-бөлімнің атауында "(қайта тіркеу)" деген сөздерден кейін "мен құжаттарды беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне мемлекеттік статистика органдарындағы және салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді.

      Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:

      шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс;

      өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс.

      Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:

      шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс;

      өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

      Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

      3аңды тұлғаның мекен-жайын бiр облыстан екiншi облысқа (Астана және Алматы қалалары), бір ауданнан екінші ауданға ауыстыруына байланысты құрылтай құжаттарына қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген жағдайда қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ, жарғыны қайтару (жарғыға қосымшаны) не өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініші, заңды тұлғаның мекен-жайын бiр облыстан екiншi облысқа (Астана және Алматы қалалары), бір ауданнан екінші ауданға ауыстыруына байланысты, қайта тіркеуге әкеп соқпайтын құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу барысында, қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

      Құжаттар пакетi толық ұсынылмаған, оларда анықталған кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да негiздемелер бойынша мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi үзiледi.

      Тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсi жарияланған жағдайда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсiне себеп болған, қолданып жүрген заңға қайшылығы бар құжаттар қайтарылмайды. Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады: үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.

      Қажетті құжаттардың тізімі, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және осы Нұсқаулықпен белгіленген.";

      21-қосымшада "шынайылылығы" деген сөзден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      23-қосымшада:

      3-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      "шынайылылығы" деген сөзден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-қосымшада 4-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      27-қосымшада 4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      28-қосымшада 3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      31-қосымшада 4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      32-қосымшада 2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      33-қосымшада "шынайылылығы" деген сөзден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-қосымшада:

      3-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      "шынайылылығы" деген сөзден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      39-қосымшада 4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      40-қосымшада 3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      43-қосымшада 4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      44-қосымшада 2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықты өзінің қызметінде басшылыққа алсын.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Р. Түсіпбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады