Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 15 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6197 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:
      22-тармақта:
      үшінші абзацта «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «банктер және банктік емес ұйымдар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Орталық депозитарий) ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асыратын биржалық мәмілелер бойынша операциялар.»;
      23-1-тармақ «осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес» деген сөздерден кейін «, Орталық депозитарийде ашылғандарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамына, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады