Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 18 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6205 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-бөлімде:
      1-тармақта «брокерлерінің,» деген сөзден кейін «өзара сақтандыру қоғамдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың екінші бөлігінің үшінші сөйлемінде «- ұйым дербес айқындайды» деген сөздер «ұйым шоттарды одан әрі жан-жақты және таратып жазу үшін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бөлімде:
      1-тарауда:
      1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары» шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      1120, 1120 01, 1120 02, 1120 03, 1120 04, 1120 05 шоттарының аттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1120 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін
            әділ құн бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржы
            активтері
      1120 01 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
              көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
              активтері
      1120 02 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
              көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған
              қаржы активтері бойынша дисконт
      1120 03 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
              көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған
              қаржы активтері бойынша сыйлықақы
      1120 04 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
              көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
              активтерінің әділ құнын оң түзету
      1120 05 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
              көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
              активтерінің әділ құнын теріс түзету»;
      1280 53 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1280 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең
               аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша талаптар»;
      1290 23 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «1290 23 Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы
               қағаздар бойынша залалдарды жабуға арналған резервтер
               (провизиялар)»;
      2-тарауда:
      2180 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «2180 01 Фьючерс мәмілесі бойынша талаптар
      2180 02 Форвард мәмілесі бойынша талаптар
      2180 03 Опцион мәмілесі бойынша талаптар
      2180 04 Своп мәмілесі бойынша талаптар
      2180 05 Басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша
              талаптар»;
      3-тарауда:
      3390 27 шотының аты «Сенімгерлік» деген сөзден кейін «немесе инвестициялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      3430 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «3430 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең
               аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа
               мерзімді бағалау міндеттемелері»;
      4-тарауда:
      4170 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «4170 01 Фьючерс мәмілесі бойынша міндеттемелер
      4170 02 Форвард мәмілесі бойынша міндеттемелер
      4170 03 Опцион мәмілесі бойынша міндеттемелер
      4170 04 Своп мәмілесі бойынша міндеттемелер
      4170 05 Басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша
              міндеттемелер»;
      5-тарауда:
      5460 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5470 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең
               аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервті
               түзету шоты»;
      6-тарауда:
      6110 62 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «6110 63 Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу»;
      6150 01 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «6150 01 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
               көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
               қағаздар құнының өзгеруінен болған іске асырылмаған
               кірістер»;
      6150 03 шотының атында «Саудаға арналған» деген сөздер «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6240 01 шотының атында «Бағалы» деген сөз «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6240 24 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «6240 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалпына келтіруден (жоюдан) болған кірістер»;
      6290 06 «Спот мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс», 6290 12 «Спот мәмілелері бойынша кірістер» шоттарының нөмірлері және аттары алынып тасталсын;
      7-тарауда:
      7440 01 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «7440 01 Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы
               қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды)
               қалыптастыру бойынша шығыстар»;
      7440 47 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «7440 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең
               аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді
               қалыптастыру бойынша шығыстар»;
      7470 03, 7470 06 шоттарының аттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7470 03 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
               көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
               қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
               шығыстар»;
      «7470 06 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
               көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
               қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
               шығыстар»;
      7470 50 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «7470 61 Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу бойынша шығыстар»;
      7480 06 «Спот мәмілесін қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс», 7480 12 «Спот мәмілелері бойынша шығыстар» шоттарының нөмірлері және аттары алынып тасталсын;
      9-тарауда:
      8840 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «8840 Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған
            ипотекалық заемдар»;
      8840 01 «Сенімгерлік басқарудағы бағалы қағаздар», 8840 02 «Сенімгерлік басқарудағы тазартылған қымбат металдар», 8840 03 «Сенімгерлік басқарудағы басқа да активтер» шоттарының нөмірлері және аттары алынып тасталсын;
      10-тарауда:
      тараудың аты «Клиенттердің» деген сөзден кейін «сенімгерлік немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      1800 12 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «1800 13 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша талаптар
      1800 14 Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары»;
      1820 02 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «1820 03 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша
               міндеттемелер
      1820 04 Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары»;
      1830 08 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «1830 09 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан
               болған іске асырылған кіріс
      1830 10 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан
              болған іске асырылмаған кіріс»;
      1840 08 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «1840 09 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан
               болған іске асырылған шығыс
      1840 10 Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан
              болған іске асырылмаған шығыс»;
      3-бөлімде:
      1040 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      1120 01, 1120 02, 1120 03, 1120 04, 1120 05 шоттарының аттары және сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері» (актив).
      Мақсаты: одан әрі өткізу және кіріс алу мақсатында сатып алынған қаржы активтерінің номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активінің номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қаржы активі өткізілген, басқа санатқа ауыстырылған, сондай-ақ төлем мерзімі өтіп кеткен кезде оның номиналдық құнын есептен шығару жүргізіледі.
      1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт» (контрактив).
      Мақсаты: өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кету сомаларын есепке алу (дисконт).
      Шоттың кредиті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активінің номиналдық құнының оны сатып алу құнынан асып кету сомасы жазылады (дисконт).
      Шоттың дебеті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активі бойынша дисконт амортизациясының сомасы № 6110 01 баланстық шотымен байланыстыра отырып жазылады.
      1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы» (актив).
      Мақсаты: өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерін сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кету сомаларын есепке алу (сыйлықақы).
      Шоттың дебеті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активін сатып алу құнының оның номиналдық құнынан асып кету сомасы жазылады (сыйлықақы).
      Шоттың кредиті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активі бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы № 7310 02 баланстық шотымен байланыстыра отырып жазылады.
      1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету» (актив).
      Мақсаты: өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активінің әділ құнын оң түзету сомаларын осы соманы қарсы әріптес өтеген немесе осы қаржы активін сату кезінде № 1120 05 баланстық шотымен сальдолау кезінде есептен шығару жүргізіледі.
      1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету» (контрактив).
      Мақсаты: өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активінің әділ құнын теріс түзету сомаларын осы соманы осы қаржы активін сату кезінде № 1120 04 баланстық шотымен сальдолау кезінде есептен шығару жүргізіледі.»;
      1280 53 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 61 шотының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1280 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға (жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті балансында) талаптарының сомаларын және жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (зейнетақы активтері бойынша баланста) номиналдық кірістілік көрсеткішінің кірістіліктің ең аз мәнінен ауытқуы нәтижесінде туындаған талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткішінің кірістіліктің ең аз мәнінен ауытқуы нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті балансында) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтері бойынша баланста) номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу кезінде талаптардың сомалары есептен шығарылады.»;
      1290 23 шотының атында және сипаттамасында «Бағалы» деген сөз «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2180 шотының сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 2180 01, 2180 02, 2180 03, 2180 04, 2180 05 шоттарының аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «2180 01 «Фьючерс мәмілесі бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: фьючерс мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған ұзақ мерзімді талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерс мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе фьючерс мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      2180 02 «Форвард мәмілесі бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: форвард мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған ұзақ мерзімді талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша форвард мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе форвард мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      2180 03 «Опцион мәмілесі бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: опцион мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған ұзақ мерзімді талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша опцион мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе опцион мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағадау сомалары есептен шығарылады.
      2180 04 «Своп мәмілесі бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: своп мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған ұзақ мерзімді талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша своп мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе своп мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      2180 05 «Басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде туындаған ұзақ мерзімді талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.»;
      3390 27 шотының атында және сипаттамасында «Сенімгерлік» деген сөзден кейін «немесе инвестициялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      3430 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3430 61 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «3430 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» (пассив).
      Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша бағалау міндеттемелерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша бағалау міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.»;
      4170 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4170 01, 4170 02, 4170 03, 4170 04, 4170 05 шоттарының аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «4170 01 «Фьючерс мәмілесі бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Мақсаты: фьючерс мәмілесі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туындаған міндеттемелердің сомалары оларды қарсы әріптеске төлеген немесе фьючерс мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      4170 02 «Форвард мәмілесі бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Мақсаты: форвард мәмілесі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша форвард мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туындаған міндеттемелердің сомалары оларды қарсы әріптеске төлеген немесе форвард мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.»;
      4170 03 «Опцион мәмілесі бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Мақсаты: опцион мәмілесі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша опцион мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туындаған міндеттемелердің сомалары оларды қарсы әріптеске төлеген немесе опцион мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      4170 04 «Своп мәмілесі бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Мақсаты: своп мәмілесі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша своп мәмілесін жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туындаған міндеттемелердің сомалары оларды қарсы әріптеске төлеген немесе своп мәмілесін жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      4170 05 «Басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туындаған міндеттемелердің сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.»;
      5460 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5470 61 шотының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5470 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервті түзету шоты» (пассив).
      Мақсаты: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есепті кезеңнің шығыстарына жатқызылған сомадан реттеуші талаптарға сәйкес құрылуы тиіс резервтердің (провизиялардың) асып кеткен сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есепті кезеңнің шығыстарына жатқызылған сомадан реттеуші талаптарға сәйкес құрылуы тиіс резервтердің (провизиялардың) асып кеткен сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есепті кезеңнің шығыстарына жатқызылған сомадан реттеуші талаптарға сәйкес құрылуы тиіс резервтердің (провизиялардың) асып кеткен сомалары есептен шығарылады.»;
      6110 62 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6110 63 шотының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «6110 63 «Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу».
      Мақсаты: Теріс комиссиялық сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің теріс мәні кезінде туындаған теріс комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасы № 5610 баланстық шотына есептен шығарылады.»;
      6150 01, 6150 03 шоттарының аттарында және сипаттамаларында «Саудаға арналған» деген сөздер «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6240 01 шотының атында және сипаттамасында «Бағалы қағаздар бойынша» деген сөздер «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6240 24 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6240 61 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «6240 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалпына келтіруден (жоюдан) болған кірістер».
      Мақсаты: Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым құрған, номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қалпына келтірілген (жойылған) резервтердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалпына келтіруден (жоюдан) болған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасы № 5610 баланстық шотына есептен шығарылады.»;
      6290 06, 6290 12 шоттарының нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын;
      7440 01 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7440 01 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар».
      Мақсаты: сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотына есептен шығару жүргізіледі.»;
      7440 47 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7440 61 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «7440 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар».
      Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстары сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 5610 баланстық шотына есептен шығарылады.»;
      7470 03, 7470 06 шоттарының аттарында және сипаттамаларында «Саудаға арналған» деген сөздер «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7470 50 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7470 61 шотының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «7470 61 «Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу бойынша шығыстар».
      Мақсаты: теріс комиссиялық сыйақыны өтеу бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің теріс мәні кезінде туындаған теріс комиссиялық сыйақыны өтеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 5610 баланстық шотына есептен шығарылады.»;
      7480 06, 7480 12 шоттарының нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын;
      8830 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 8840 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «8840 «Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар».
      Мақсаты: талап ету құқықтарын ұйым сенімгерлік басқаруға қабылдаған ипотекалық заемдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша талап ету құқықтарын ұйым сенімгерлік басқаруға қабылдаған ипотекалық заемдардың сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша ипотекалық заемдарды өтеу немесе кері сатып алу талаптары туындаған кезде ипотекалық заемдардың сомалары есептен шығарылады.»;
      8840 01, 8840 02, 8840 03 шоттарының нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын;
      1800 12 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1800 13, 1800 14 шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1800 13 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша талаптар» (актив).
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жою кезінде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      1800 14 «Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары» (актив).
      Мақсаты: сатушыға келісілген баға бойынша бағалы қағаздарды болашақта қайтару міндеттемесімен операция ашылған күні кепілге алынған бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша операция ашылған күні бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциясы бойынша талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша операцияны жабу немесе жою кезінде «кері РЕПО» операциясы бойынша талаптардың сомалары есептен шығарылады.»;
      1820 02 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1820 03, 1820 04 шоттарының аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1820 03 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелер».
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша ұйым туындаған міндеттемелердің сомалары оларды төлеген немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жою кезінде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      1820 04 «Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары» (пассив).
      Мақсаты: бағалы қағаздарды қарсы әріптестен келісілген баға бойынша болашақта сатып алу міндеттемесімен операция ашылған күні кепілге берілген ұйымның бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша операция ашылған күнгі ұйымның бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша операцияны жабу немесе жою кезінде ұйымның «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің сомалары есептен шығарылады.»;
      1830 08 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1830 09, 1830 10 шоттарының аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
       «1830 09 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылған кіріс».
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      1830 10 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кіріс».
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді оң қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді оң қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 1810 01 (қаржы жылының аяғында) немесе № 1830 09 (активті өткізу кезінде) баланстан тыс шоттарына есептен шығарылады.»;
      1840 08 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1840 09, 1840 10 шоттарының аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1840 09 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыс».
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 1810 01 баланстан тыс шотына есептен шығарылады.
      1840 10 «Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс».
      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомалары № 1840 09, 1810 01 баланстан тыс шоттарына есептен шығарылады.».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқсан күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады