Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6209 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 114 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.03.16 № 114 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 127 бұйрығымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сот сарапшыларын аттестаттау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      апелляциялық комиссия – сот сарапшысын аттестаттауды жүргізген кезде туындайтын дауларды қарастыру мақсатында мемлекеттік орган құратын комиссия;
      сот сарапшыларын аттестаттау – мезгіл сайын жүзеге асырылатын сот сарапшыларының кәсіптік даярлығының деңгейін анықтау рәсімі;
      3. Аттестаттаудан Заңның 12-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес келетін адамдар өтуге тиіс.
      4. Аттестаттауды әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүргізеді.

2. Сот сарапшыларын аттестаттауды жүргізуге дайындық тәртібі

      5. Сот сарапшыларын аттестаттауды Заңның 14-бабына сәйкес Комиссия жүзеге асырады.
      6. Аттестаттаудан өтуге тиіс сот сарапшыларының тізімімен  аттестаттаудан өту кестесі сот сараптамасы органы мен Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия ұсынатын ақпарат негізінде мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы Комиссияға сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сот сарапшысының келесі құжаттарды қамтыған аттестаттау ісін ұсынады:
      1) аттестаттаудан өтуі тиіс тұлғаға ұсыным;
      2) жұмыс орнымен куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
      3) кәсіптік даярлығының деңгейін, іскерлік және адамгершілік сипатын көрсететін мінездеме;
      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      5) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (оған қосымшалардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар;
      7) соңғы бес жыл ішіндегі көтермелеулер мен (тәртіптік жазалаулар, олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      8. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшылары Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияға аттестаттау ісін қалыптастыру үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өмірбаян;
      2) жоғары білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмесі);
      3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің (оған қосымшалардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      9. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялау жүргізуді Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларын алдын-ала сұратып алуды жүзеге асыра отырып ұйымдастырады.
      Рецензиялар сот сарапшысының аттестаттау ісіне тігіледі.
      10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аттестатталушылардың аттестаттау материалдарын зерделеп және талдаудан өткізіп, Комиссияға оның отырысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
      11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органы мен Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия аттестатталушы сот сарапшыларын аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оның өткізуіне дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

3. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

      12. Аттестаттау мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен белгіленетін мерзімдерде әңгімелесу түрінде жүргізіледі.
      13. Әңгімелесу барысында сот сарапшысының кәсіби деңгейі бағаланады.
      14. Егер Комиссия отырысында Комиссия мүшелерінің жалпы санының  кем дегенде 2/3-і қатысса, аттестаттау комиссиясының шешімі заңды деп саналады.
      15. Дауыс беру нәтижелері Комиссия отырысына қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыс саны тең болған кезде төраға дауысы шешуші болып табылады.
      16. Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің біреуін шығарады:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.
      17. Аттестаттау нәтижелері осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамада көрсетіледі.
      18. Комиссия шешімі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада Комиссия қорытындысы түрінде рәсімделеді.
      19. Отырыс хаттамасына, Комиссия Қорытындысына Комиссия төрағасы, мүшелері, хатшы қол қояды және ол сот сарапшысының аттестаттау ісіне тігіледі.
      20. Комиссия Қорытындысы аттестатталған сот сарапшысына 5 жыл мерзімге Комиссия отырысы күнінен бастап бір ай ішінде беріледі.
      21. Аттестаттаудан өтпеген сот сарапшысы осы Ережеде белгіленген тәртіппен бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттаудан қайта өте алады.
      22. Комиссияның теріс қорытындысы Комиссия қорытындысын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде шағымдалуға жатады.
      23. Қайта аттестаттау кезінде Комиссияның теріс қорытындысы сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлікті кері қайтару үшін негіз болып табылады.
      24. Қайта аттестаттау кезінде теріс шешім болған жағдайда немесе адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайда Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талаппен өтініш жасайды.
      25. Сот сарапшысының кәсіби даярлығының тиісті деңгейіне деген негізді күмән туындаған кезде (сот сараптамасын жүргізу кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы талаптарды біршеше рет бұзулар болған жағдайда) Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
      26. Ерекше пікірді білдіруші Комиссия мүшелері оны жазбаша түрде баяндайды және хаттамаға қосады.
      27. Комиссияның материалдары бекітілген іс номенклатурасына сәйкес сақталады.
      28. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау кезінде туындайтын даулар апелляциялық комиссиямен немесе сот тәртібінде қаралады.

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрлігінің аттестаттау
комиссиясының сот сарапшысын  
аттестаттау ережесіне     
1-қосымша          

нысан

Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінің аттестаттау
комиссиясының 20__ жылғы «__» __________
отырысының № ____ хаттамасы

      _____________________ қаласы
      Төраға ________________________________________________________
      Комиссия мүшелері _____________________________________________
      Хатшы _________________________________________________________
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20__ жылғы «__»______
№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін аттестаттау комиссиясының
қарауына __________________________________ аттестаттау ісі ұсынылды.
          (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
      (сот сарапшысына ұсыным, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, мінездеме, дипломдардың көшірмесі; сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (оған қосымшалар); сарапшы қорытындыларына рецензия, көтермелеулер мен тәртіптік жазалаулар (егер олар болса) туралы бұйрықтардың
көшірмелері)
      Өткізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      Шешім қабылдау бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің дауыс
беру нәтижелері: «қолдаған» ______, «қарсы» _______ дауыс
      Аттестаттау комиссиясы былай деп шешті:
      1)__________________ аттестатталды
             (Т.А.Ә.)
      2) __________________ аттестатталмады
               (Т.А.Ә.)
      Комиссия төрағасы: ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері: ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ____________ _______________________________
                             (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ____________ _______________________________
                             (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)
      Хатшы:             ____________ _______________________________
                             (қолы)           (Т.А.Ә., лауазымы)

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігінің аттестаттау
комиссиясының сот сарапшысын  
аттестаттау ережесіне      
2-қосымша           

нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау
комиссиясының 20__ жылғы «__» __________
№ ____ қорытындысы

      ____________________ қаласы
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20__ жылғы «__»
      __________ № ______ бұйрығы негізінде әрекет ететін
      Құрамында төраға  ____________________________________________
      комиссия мүшелері _____________________________________________
                        _____________________________________________
                        _____________________________________________
      хатшы             _____________________________________________
      аттестаттау комиссиясы
      _______________________________________________________________
               (Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
      _________________________________ аттестаттау ісін қарастырып,
      былай деп шешті:
      ______________________________ аттестатталсын
                (Т.А.Ә.)
      ______________________________ аттестатталмасын
                (Т.А.Ә.)
      Комиссия төрағасы: ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері: ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)
      Хатшы:             ____________ _______________________________
                             (қолы)          (Т.А.Ә., лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады