Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 288 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6251 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 343 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.08.2017 № 343 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен бекітілген

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабына сәйкес әзірленді және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – қорық).

      2. Балықпен қоректенетін құстардың азық базасының жай-күйіне теріс әсер ететін қыс кезінде балықтың қырылып қалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ қорықтық күзет режимінің талаптарын ескере отырып, қорықтың су айдындарында ойықтар бұрғылау әдісімен суды ауаландыру және улы газдарды жою мақсатында мелиоративтік балық аулау жүргізіледі. Мелиоративтік балық аулауды жүргізудің көлемі, мерзімі, учаскелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде анықталады.

      3. Мелиоративтік балық аулауды жүргізуге биологиялық негіздемені ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тапсырысы бойынша балық шаруашылығы бағытындағы ғылыми ұйымдар әзірлейді.

2. Балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      4. Балықтың қырылып қалу құбылыстарын болдырмау үшін қыс кезінде биологиялық негіздеме мен экологиялық сараптамаға сәйкес су қоймаларының 50 га су бетіне 1000 ойық есебімен күн сайын ойықтар бұрғылап отыру қажет.

      5. Ойықтар бұрғылауды қорықшы не балық аулаушылар ерітінді оттегінің мөлшері 3,0 мг/литр жағдайда мұздың кез келген қалыңдығы жағдайында жүргізеді.

      6. Мелиоративтік балық аулауға балық аулаушыда мелиоративтік балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жол беріледі.

      Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама мен түбіртекті қорық әкімшілігі береді және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық мөрі басылған жолдамалар беру журналына тіркейді.

      7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.

      8. Жолдама Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі.

      9. Жолдама бір тәулікке беріледі, жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.

      10. Балық аулаушы мелиоративтік балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Ереженің 6-шы тармағына сәйкес қажетті құжаттарды көрсетеді.

      11. Мелиоративтік балық аулау барлық жүйелер мен атаулардың (жылтырауық темір қармақ, жерлица, спиннинг) бір балық аулаушыға 5-тен аспайтын ілгекті қармақтарымен жүргізіледі.

      12. Балық аулаушы балық аулау аяқталғаннан кейін жолдамаға ауланған балықтың мөлшері мен түрлерін жазып қояды.

      13. Ауланған балық бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге негіз болып табылады.

  Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының
су айдындарында балықтың қырылып қалуын
болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне 1-қосымша

      Нысан

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

ТҮБІРТЕК №____

"Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" ММ

Кімге берілді ______

(Т.А.Ж.)

Мөлшері ______ (кг)

Балық түрі _______

Су бөгені мен учаскенің атауы

___________________

Көлік _____________

 (түрі, маркасы,

мемлекеттік нөмірі)

Қолданылу мерзімі:

"_" _____ 200__ж.

Берілген күні

"__"_____ 200_ ж.

Жолдаманы алдым, Ережелермен таныстым

_________________

(Балықшының Т.А.Ж., қолы)

Жолдаманы берген

____________

(Т.А.Ж.)

____________

(қолы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Жолдама №_______

"Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" ММ

Кімге берілді

_________________

 (Т.А.Ж.)

Мөлшері ________(кг)

Балық түр і________

Су бөгені мен учаскенің атауы _________________

Көлік _________________

 (түрі, маркасы,

мемлекеттік нөмірі)

Қолданылу мерзімі:

"__" _____ 200__ж.

Берілген күні "__"_____ 200_ ж.

МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген меминспектор _____

(Т.А.Ж., қолы)

МТҚ аумағынан шығу кезінде көлікті және ауланған балықты тексерген меминспектор _____

(Т.А.Ж., қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті

Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері (килограмм)










Жиыны:




Балық аулаушы

____________________

 (Т.А.Ж.) (қолы)

  Қорғалжын мемлекеттік табиғи
қорығының су айдындарында балықтың
қырылып қалуын болдырмау жөніндегі
іс-шараларды жүргізу ережесіне
2-қосымша

      Нысан

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдамалар беру журналы

р/с №

Балық аулаушының Т.А.Ж.

Балық аулаушының тұрғылықты жері

Жолдама берілген күн

Жолда дама нөмірі

Жолдаманың қолданылу мерзімі

Су бөгені мен учаскенің атауы

Балық түрі

Мөлшері

Балық аулауды бақылайтын адам (Т.А.Ж.)

Қолдары

дана

килограмм

Жолдама берушінің

Жолдама алушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады