"Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 01-01-31/141 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6260 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.11.03 № 305 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.U101039
      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті мен Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Г. Ким

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы 
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының  
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/141    
бұйрығымен бекітілген 

Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу  ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу (бұдан әрі - конкурс) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тұлғалардың қатарынан жүзеге асырылады.
      3. Конкурсты уәкілетті орган жанында құрылатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) өткізеді.
      4. Мыналар жеке сот орындаушысының бос лауазымы деп танылады:
      1) Заңның 167-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітуге байланысты атқарушы округте бар жеке сот орындаушысының бірлігі;
      2) жеке сот орындаушысын алқа мүшелерінен шығарып тастауға және оны есептік тіркеуден алып тастауға байланысты пайда болған жеке сот орындаушысының бірлігі.
      5. Осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бос орындар бойынша конкурстық комиссия қажеттілігіне қарай, атқарушы округте уәкілетті орган белгілеген барлық жеке сот орындаушылары лауазымдарын толтырғанға дейін жүргізеді.
      6. Тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп танылған;
      2) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиясынан айырылған;
      3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4) сот актісі бойынша борышкер болып табылатын;
      5) оларға қатысты оңалтылмаған негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған.
      7. Конкурсты өткізу туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      уәкілетті органның орналасқан жері, почталық мекен-жайы және байланысу телефондары;
      жеке сот орындаушысы бос орны пайда болған атқару округының атауы және қаланың, ауданның көрсетілуі;
      жеке сот орындаушысына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес анықталатын кандидатқа қойылатын негізгі талаптар;
      құжаттарды қабылдау тәртібі мен мерзімі;
      конкурстың өткізілетін орны;
      комиссияның қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі.
      8. Уәкілетті орган хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күннің ішінде үміткерлердің өтініштерін, оның ішінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық органдар комиссияға ұсынатын резервтегілердің де материалдарын, сондай-ақ, мынадай құжаттарды қабылдайды:
      1) үміткердің суреті бар кадрларды есепке алудың жеке іс парағы (оның іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефонның нөмірін көрсете отырып);
      2) жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабымен көзделген кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, комиссияға ұсынғанға дейін кемінде екі ай бұрын үміткердің тұрғылықты жері бойынша соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
      6) кандидаттың тұрғылықты мекен – жайы бойынша комиссияға екі айдан кем емес мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар.
      Үміткер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атақтарын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар мен сол сияқты) бере алады.
      9. Комиссияға түскен құжаттар уәкілетті органның жеке арнайы журналында тіркеледі.
      10. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгіленген мерзім аяқталған күні бітеді.
      11. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерді конкурс өткізілгенге дейін он күнтізбелік күннен бұрын кешіктірмей уәкілетті орган конкурсқа жіберу туралы, сондай-ақ әңгімелесу өткізу орны, күні және уақыты туралы жазбаша хабардар етеді.
      12. Конкурсқа қатысуға жіберілмеген үміткерлерді осы Ереженің 6-тармағымен көзделген негіздер бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган хабардар етеді.
      Бұл ретте комиссия үміткерге заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, сондай-ақ, оны конкурсқа қатысуға жібермеу туралы шешім қабылдау үшін негіздерді көрсете отырып, ол шығарылған күннен бес жұмыс күннен кешіктірмей дәлелді шешім беруге міндетті.
      13. Конкурс әңгімелесу нысанында өткізіледі, оның барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамамен қойылатын біліктілік талаптарына конкурсқа қатысушының сәйкес келуі тұрғысынан оның кәсіби қасиеттері, сондай-ақ оның жеке қасиеттері, құқықтық мәдениетінің деңгейі, юриспруденция саласындағы жұмыс тәжірибесі бағаланады. Әрбір кандидатпен әңгімелесу нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
      14. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттар дестесі оларды берген тұлғаларға қайтарылады.
      15. Комиссияның үміткердің конкурстан өткендігі туралы шешімі оны жеке сот орындаушысы бос лауазымына тиісті атқару округының өңірлік алқасы мүшелігіне қабылдау және уәкілетті органның аумақтық органында оның есептік тіркелуі үшін негіз болып табылады.
      16. Егер конкурс нәтижесінде комиссия берілген бос лауазымдарға үміткерлерді іріктемесе, уәкілетті орган бір айдың ішінде қайталама конкурс жариялауы тиіс.
      17. Конкурстан өтпеген үміткерге келесі конкурстарға қайта қатысуына кедергі жасай алмайды.
      18. Жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалған тұлғалардың басқа атқару округында жалпыға бірдей негіздерде жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатыса алады.
      19. Заңның 168-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке сот орындаушысы лицензиясын алған адамдардың резервін (бұдан әрі - резерв) өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі аумақтық орган қалыптастырады.
      20. Резервке олар туралы деректер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құрылатын, өтініш беру кезектілігіне сәйкес реттік нөмірін бере отырып қалыптастырылатын жүйелендірілген тізімге – резерв кітабына енгізілетін атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған тұлғалар резерв кітабына енгізіледі.
      Резерв кітабы нөмірленіп, тігіліп, аумақтық орган басшысының қолтаңбасымен және мөрімен бекітіледі.
      21. Резервке осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген тұлғаларды енгізу тиісті аумақтық органға олар еркін нысанындағы берген өтініштердің негізінде жүзеге асырылады.
      Өтінішке мыналар қоса беріледі:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі;
      2) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) өтініш берушінің суреті бар кадрларды есепке алудың жеке іс парағы (оның іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефонының нөмірін көрсете отырып).
      Резервке енгізу туралы өтініш конкурс жарияланғаннан кейін осы Ереженің 8-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға беру шарты конкурсқа қатысуға негіз болып табылады.
      22. Мынадай жағдайларда резервтен резервтегіні шығару жүзеге асырылады:
      1) ол жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасса;
      2) жеке қалауы бойынша резервтен шығару туралы өтініш бергенде;
      3) Заңның 144-бабымен көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатылса.

Жеке сот орындаушысы 
бос лауазымына орналасуға
конкурс өткізу ережеге
1-қосымша     

Нысан

Біліктілік комиссиясының төрағасына
________________________________
________________________________
тұрғылықты жері__________________

Өтініш

      Мені _______________________________жеке сот орындаушысы бос (бос орын бар атқару округының әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі) лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді өтінемін
      Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереженің негізгі талаптарымен таныспын, оларды орындауға келісім беремін және міндеттенемін. Осымен өзім берген мәліметтердің түпнұсқалығына толық жауапкершілігімді растаймын

____________      __________________________
  (Қолы)                 (аты-жөні)

"____"_______________ 20__ ж.

Жеке сот орындаушысы 
бос лауазымына орналасуға
конкурс өткізу ережеге
2-қосымша       

Нысан

Резерв кітабы

Өтініш беру күні

Өтініш берген адамның аты-жөні

Лицензия нөмірі және берілген күні

Ескерту

1

2

3

4

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады