Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 N 578 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азық-түлік сауда объектілерінің құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 30 қаңтардағы № 100 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азық-түлік сауда объектілерінің құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Азық-түлік сауда объектілерінде сауда мүкәммалын және ыдыстарды жууға арналған жуу үй-жайлары немесе учаскесі, сауда мүкәммалын және ыдыстарды кептіру және сақтау үшін стеллаждар көзделеді.»;
25-тармақта «50 шаршы метрге» деген саннан кейін «(бұдан әрі - м2)» деген санмен толықтырылсын,
орыс тілінде толықтыру енгізілген.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Оспанов К.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасына К.С. Оспановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев