Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6351 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операциялар жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚААТЖ) - жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз кіруден қажетті қорғанышы бар арнайы байланыс арнасы;»;
      «6-1) монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі - Ұлттық Банк орталық аппаратының эмиссиялық-кассалық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
      6-тармақта «Ұлттық Банктің филиалында» деген сөздер «Орталықта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «филиалында» деген сөзден кейін «немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақтың екінші бөлігінде «тұлға клиенттерден» деген сөздер «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      18-тармақтың бірінші бөлігінде «жазба жасайды» деген сөздерден кейін «, қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруға қол қояды» деген сөздермен толықтырылсын;
      25-тармақта «тұлға клиенттен» деген сөздер «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      30-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге шығыс кассасының қолма-қол ақша беруі Ұлттық Банктің филиалы мен көрсетілген заңды тұлға арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
      Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) жоқ заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру кассалық қызмет көрсету шартын жасамай-ақ жүзеге асырылады.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге қолма-қол ақша беру чектер негізінде жүзеге асырылады.
      Банктерге және монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге қолма-кол ақша беру чектер және қолма-қол ақша алуға арналған жиынтық ведомость негізінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлері негізінде жүзеге асырылады.»;
      34-тармақта:
      бірінші бөлікте «заңды тұлға клиенттің банктік шотындағы қажетті ақша қалдығының болуын,» деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлікте:
      «банктерге», «банк», «банкке» деген сөздерден кейін тиісінше «, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге», «, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиент», «, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиентке» деген сөздермен толықтырылсын;
      «банктің банк шотындағы қажетті ақша қалдығының болуын,» деген сөздер алынып тасталсын;
      35-тармақтың бірінші бөлігі «банк» деген сөзден кейін «және монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттер» деген сөздермен толықтырылсын;
      49-тармақтың 1) және 3) тармақшаларында «немесе оның банктік бірегейлендіру коды» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 53-3-тармақпен толықтырылсын:
      «53-3. Заңды тұлға клиенттерге шетел валютасын берген кезде Ұлттық Банктің филиалы монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесіне ҚААТЖ бойынша кассалық шығыс ордерін жібереді, оның негізінде монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінің қызметкері касса модулінде авторизациялауды жүргізеді.»;
      56-тармақтың 1) тармақшасында «банктік және бірегейлендіру коды көрсетіле отырып оның» деген сөздер алынып тасталсын;
      57-тармақтың екінші бөлігінде «немесе оның банктік бірегейлендіру коды» деген сөздер алынып тасталсын;
      65-тармақта «филиалында» деген сөзден кейін «немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      74-тармақта «банктің-клиенттің», «банкке» деген сөздер тиісінше «заңды тұлға клиенттің», «заңды тұлға клиентке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      77-тармақта «қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесіне сараптамаға» деген сөздер «сараптама жүргізу үшін одан әрі қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесіне беру үшін Орталыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Ұлттық Банктің филиалы күмәнді банкноттар мен монеталарға Ұлттық Банктің филиалы немесе қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі дайындаған қорытынды негізінде екі данада ақша белгілерін сараптау актісін (осы Ереженің 12-қосымшасы) жасайды, оның біреуі сол күнгі касса құжаттарына тігіледі. Ақша белгілерін сараптау актісінің екінші данасы соның негізінде жасалған қорытындымен (қорытындылармен) бірге Ұлттық Банктің филиалындағы арнайы жүргізілетін істе сақталады. Ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі филиалдың бухгалтериясына жіберіледі. Күмәнді ақша белгілерін сараптамаға тапсырған клиенттің қалауы бойынша оған ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі беріледі.»;
      1-қосымшада:
      «РНН» деген аббревиатура «БСН/ЖСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      «Бухгалтер Кассир» деген сөздерден кейін «Бақылаушы» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      3 және 5-қосымшаларда:
      «___________________________» деген жол алынып тасталсын;
       банктік бірегейлендіру коды
      7-қосымшада:
      «____________________________» деген жол алынып тасталсын.
       банктік бірегейлендіру коды
      2. Осы қаулы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшалары, 9-бабы 5-тармағының екінші бөлігі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы                  Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
Басқармасының «Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында
заңды және жеке тұлғалармен кассалық  
операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы»
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
2010 жылғы 25 маусымдағы № 61 қаулысына 
қосымша                 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен
кассалық операциялар жүргізу ережесіне
2-қосымша             

______________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалының атауы)

20 ____ жылғы _______________ № ___
Кассаға тапсырылатын қолма-қол ақшаның тізімдемесі*

      20 ___ жылғы ____ ___________ № _______ Қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруға тізімдеме

Номиналдың атауы

Саны

Сомасы

Жарамды банкноттар













Тозған банкноттар













Шығарылған жылдары бойынша айналыстан алынған банкноттар (ескі үлгідегі)













Ақаулы (бүлінген) монеталар













Жарамды монеталар













Тиындар













Банкноттар бойынша барлығы



Монеталар бойынша барлығы



БАРЛЫҒЫ:



      * - тапсырылатын банкноттар мен монеталар ғана көрсетіледі

      Банкноттардың жиынтығы: __________________________________
                               (сомасы цифрлармен және жазумен)

      Монеталардың жиынтығы: ____________________________________
                               (сомасы цифрлармен және жазумен)

      Клиент ________________________________________ Аты-жөні»
                              Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады