"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі N 347 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6363 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5446 болып тіркелген, 2009 ж. № 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2009 ж., № 6, 345-құжатта (10-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 7, 345-құжатта (11-ден 54-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 8, 345-құжатта (55-тен 82-қосымшаға дейін қоса алғанда) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) салық төлеушінің жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға – кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде салық төлеушінің жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылау функциясын орындайтын тұлға;";

      22-тармақтың екінші абзацы мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      23-тармағында "Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама және", "Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:

      "58-1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (кемітуге) тізілімді (бұдан әрі – Есептеуге тізілім) салық төлеушінің жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға:

      1) жанама салықтардың сомаларын есептеу туралы салық органының қорытындысы;

      2) кеден одағында уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме;

      3) кеден одағында уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын әкету бойынша міндеттеменің орындалуы туралы есеп;

      4) қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме;

      5) қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме;

      6) қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп;

      7) қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп;

      8) уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер;

      9) көрме-жәрмеңкелiк сауда өткізу туралы хабарлама;

      10) көрме-жәрмеңкелiк сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есеп негізінде жасайды.";

      59-тармағының 3) тармақшасында "салық есептілігінің деректері бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2, 59-3, 59-4, 59-5, 59-6, 59-7, 59-8, 59-9-тармақтармен толықтырылсын:

      "59-1. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлардың экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарын орындаған салық төлеуші Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті Салық кодексінің 276-21-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімде тапсырмаған кезде жанама салықтардың есептелген сомалары бойынша дербес шотқа жазба Есептеуге тізілім негізінде жүргізіледі.

      59-2. Есептеуге тізілімнің 9-бағанында оның негізінде дербес шотқа жазба жүргізілетін құжаттың атауы көрсетіледі – жанама салық сомаларын есептеу туралы туралы салық органының қорытындысы.

      59-3. Есептеуге тізілімді оның жасалуына жауапты лауазымды тұлға жасайды және Салық кодексінің 276-21-бабы 1-тармағында көзделген өтінішті табыс ету мерзімі болғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаға табыс етеді.

      Есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға Есептеуге тізілімді алған күні оның негізінде дербес шотқа жазба жүргізілген құжат - жанама салық сомаларын есептеу туралы салық органының қорытындысы көрсетіле отырып, тиісті бюджет жіктеуішінің коды бойынша дербес шоттың "Есептелді" кестесіне есептелген салық сомасын таратып жазады.

      59-4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Салық кодексінің 276-21-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған жағдайда салық төлеушінің жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға осындай Өтінішті салық төлеуші тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаға бұрын "кемітуге" есептелген салық сомасы көрсетілетін жанама салық сомаларын есептеу туралы салық органының қорытындысы негізінде жасалған Есептеуге тізілімді жібереді. Есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға Есептеуге тізілімді алған күні тиісті бюджет жіктеуішінің коды бойынша дербес шоттың "Кемітілді" кестесіне салық сомасын таратып жазады.

      Бұл ретте салық төлеуші Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті Салық кодексінің 276-21-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімде тапсырмаған кезде салық сомасына қоса есептелген өсімпұл дербес шоттан іріктеуге жатпайды.

      59-5. Салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені және (немесе) Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені) тапсырған кезде салық төлеушінің жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы міндеттемелердің негізінде:

      1) салық төлеу мерзімі көрсетіле отырып, Есептеуге тізілім;

      2) Салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша тізілім жасайды.

      Бұл ретте Салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша тізілімнің 7-бағанында көрсетілген мерзім:

      Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме табыс етілген күннен бастап оларды әкеткен күнге дейін;

      алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп жөнелтілген күннен бастап қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен күнге дейін;

      алыс-беріс шикізаты тиеп-жөнелтілген күннен бастап өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкелген күнге дейін екі жылдан аспауға тиіс.

      Есептеуге тізілім мен Салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша тізілім жасалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаға жіберіледі.

      59-6. Есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға осы Ереженің 59-5-тармағында көрсетілген Есептеуге тізілім мен Салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша тізілімді алған күні бір мезгілде қосылған құн салығы бойынша дербес шоттың "Есептелді" және "Төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша мәліметтер (салық сомасы)" бағандарында есептелген салық сомасын таратып жазады. Бұл ретте есептелген салық сомасы "Төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) бойынша мәліметтер (салық сомасы)" бағанында мына күндердің бірі болғанға дейін көрсетіледі:

      Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме бойынша - уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары әкетілген күнге дейін;

      Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме бойынша:

      кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты әкелінген кезде - қайта өңдеу өнімдері әкетілгенге дейін;

      Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме бойынша:

      алыс-беріс шикізаты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген кезде - қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күнге дейін.

      59-7. Салық төлеуші уақытша әкелінген тауарларды (көлік құралдарын) әкету жөніндегі Міндеттемені орындау туралы есепті, қайта өңдеу өнімдерін әкету жөніндегі Міндеттемені орындау туралы есепті (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу жөніндегі Міндеттемені орындау туралы есепті) табыс етпеген жағдайда, салық төлеушінің жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратынлауазымды тұлға оны табыс еткен күннен бір жұмыс күні ішінде есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға есептеуге Тізілімді жібереді, онда кемітілуге есептелген салықтардың сомасын көрсетеді. Салық төлеуші көрсетілген есептерді тауарларды әкету, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) мерзімі аяқталғанға дейін табыс еткен кезде салық төлеушінің жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға есептеуге Тізіліммен бір уақытта салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша күнін түзетумен, салық міндеттемелерін орындауларын өзгерту (тоқтата тұру) жөнінде Тізілімді жібереді:

      уақытша әкелінген тауарларды (көлік құралдарын) әкету - уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы Міндеттемені орындау туралы есепті табыс еткен кезде;

      қайта өңдеу өнімдерін әкету - қайта өңдеу өнімдерін әкету жөніндегі Міндеттемені орындау туралы есепті табыс еткен кезде;

      қайта өңдеу өнімдерін әкелу - қайта өңдеу өнімдерін әкелу жөніндегі Міндеттемені орындау туралы есепті табыс еткен кезде;

      есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға есептеуге Тізілімді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауларын өзгерту (тоқтата тұру) жөнінде Тізілімді алған күні қосылған құн салығы бойынша дербес шоттың "Кемітілді" бағанына, сондай-ақ "Төлеу (өтеу кестесі) бойынша салық міндеттемелерін орындауларын өзгерту (тоқтата тұру) жөнінде мәліметтер" бағанына салықтың есептелген сомаларын таратып жазуды жүргізеді.

      59-8. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы хабарлама бойынша есепті табыс еткен кезде және көрме-жәрмеңкелік саудасына қатысушымен келісімнің (шарттың) болмаған жағдайда – кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық төлеуші (төлеуші) жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға оны алған күннен үш жұмыс күні ішінде есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға осы есептің негізінде есептеуге Тізілімді жасайды.

      Есептеуге Тізілім оны жасаған күні есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға жіберіледі.

      Есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлға есептеуге Тізілімді алған күні көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген тауарлар бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының дербес шотындағы "Есептелді" деген бағанда есептеуге салықтың есептелген сомаларын таратып жазуды жүргізеді.

      Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы хабарлама негізінде көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы хабарлама бойынша есепті табыс еткен кезде, салық төлеушінің жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға есептеуге Тізілімді жасап және оны есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға береді. Осы Тізілімнің негізінде бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының дербес шотындағы "Есептелді" деген бағанына жазба жүргізіледі.

      59-9. Қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Уақытша әкелген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары жөнінде мәліметтер салық төлеушінің жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға оларды табыс еткен күннен бір жұмыс күні ішінде есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға осы мәліметтердің негізінде есептеуге Тізілімді жасайды. Есептеуге Тізілім оны жасаған күні есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға жіберіледі.

      Есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға есептеуге Тізілімді алған күні бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның дербес шотының "Есептелді" бағанына кірісті алуға бағытталған қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды уақытша әкелген кезде импортталатын тауарлардың есептелген қосылған құн салығының сомаларын таратып жазуды жүргізеді.

      65-бапта:

      бірінші абзац "салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта "екінші жақ бетіне" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:

      "65-1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, өсімақылар мен айыппұлдар сомаларын қоса есептеуге (кемітуге) тізілім көлік құралдарына салық сомаларын дербес шотта көрсету үшін салық төлеушілердің төлем құжаттарының негізінде толтырылады.";

      146-тармақ алып тасталсын;

      156-тармақта "және қайтару жүргізу үшін" деген сөздерден кейін "дербес шоттарды жүргізу орны бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;

      182-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "егер құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілетін болса, құрылымдық бөлімшенің СТН-і (БСН/ЖСН) және атауы көрсетіледі.";

      193-тармақтың 2) тармақшасында "(түпнұсқа немесе куәландырылған көшірме)" деген сөздер алып тасталсын;

      260-тармақтың бірінші абзацында "салық тексеруі" деген сөздерден кейін "немесе Салық кодексінің 43-бабы 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылауы" деген сөздермен толықтырылсын;

      268-тармақтың бірінші абзацында:

      "өсімақыларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ салық тексерулерінің нәтижелері мен әкімшілік жазаларды қолдану туралы қаулылар бойынша Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, өсімақылар мен айыппұлдар сомаларын қоса есептеуге (кемітуге) тізілімді" деген сөйлеммен толықтырылсын;

      "есептен шығарылған" деген сөздерден кейін "міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен өсімақылар," деген сөздермен толықтырылсын;

      363-тармақта "құрылған" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 380-1-тармақпен толықтырылсын:

      "380-1. Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы әкімшілік жазаларды қолдану туралы қаулылар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, қаулыны орындау мерзімінің бітуінен орындау мүмкіндігі жоқтықтан, айыппұл сомасын есептен шығару әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, салық органының шешімі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан жүргізіледі.";

      Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 1, 2, 23-қосымшалар тиісінше осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
1-Қосымша

      __________________________________ бойынша

      (атауы және салықтың коды (төлем)

      ДЕРБЕС ШОТ

      дербес шоттарды

      жүргізу ережесіне

  1-Қосымша
нысан 1

      Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы _______________

      СТН ___________ Заңды тұлғаның СТН-ы _________________

      Салық режимінің түрі ___________________________________

Ағымдағы күнтізбелік күннің күні

Операцияны жазған (енгізген) күн

Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат

Төлеу мерзімі

Банктік шоттан есептен шығарған немесе ақшалай енгізген күні

Бюджетке төлемдерді есептеу күні

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есептер


есептелді


азайтылды

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есептер

Өсімақы бойынша есептер

төленді

қайтарылды

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

есептер сальдосы (бересі -, асыра төлеу +)

Өсімпұл есептелді (кемітілді) (+, -)

салық (төлем) сомасы

салықты (төлем) өтеу кестесі

өсімпұл сомасы

кезең үшін

9

10

11

12

13

14

15


      кестенің жалғасы

Өсімақы бойынша есептер

Айыппұлдар бойынша есептер

Өсімпұл төленді (қайтарылды) (+, -)

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

Өсімпұл сальдосы (+, -)

Айыппұл есептелді (кемітілді) (+, -)

Айыппұл төленді (қайтарылды) (+, -)

өсімпұлдар сомасы

өсімпұлды өтеу кестесі

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Айыппұлдар бойынша есептер

Қайтарымдарды шегере отырып жыл басынан енгізілді

Есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүргізудің мерзімін бұзғаны үшін салық органына өсімақы есептелді

Өсімпұл салық төлеушіге есептеледі

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

Айыппұл сальдосы (+, -)

айыппұлдар сомасы

айыппұлды өтеу кестесі

22

23

24

25

26

27

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
2-Қосымша

      __________________________________ БЖК

      ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДЕРБЕС ШОТ

      дербес шоттарды

      жүргізу ережесіне

  2-Қосымша
нысан 2

      Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы ____________________

      СТН ___________ Заңды тұлғаның СТН-ы ________________________

      Салық режимінің түрі ________________________________________

      ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою туралы куәлік нөмірі _________

      ҚҚС төлеуші есебінен шығару күні: ___________________________

Ағымдағы күнтізбелік күннің күні

Операцияны жазған (енгізген) күн

Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат

Төлеу мерзімі

Банктік шоттан есептен шығарған немесе ақшалай енгізген күні

Бюджетке төлемдерді есептеу күні

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есептер

есептелді

азайтылды

төленді

қайтарылды

Қайтарылуға расталмаған және артып кеткен ҚҚС бюджеттен келтірілген сомасы

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

салық (төлем) сомасы

салықты (төлем) өтеу кестесі

7

8

9

10

11

12

13


      кестенің жалғасы

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

Өсімпұл бойынша есептер

Есептер сальдосы (бересі -, асыра төлеу+)

Есептелді (кемітілді) (+, -)

Өсімпұл төленді (қайтарылды) (+, -)

ҚҚС асып кеткен қайтарылуға жататын сомаға өсімпұл*

жанама салықтарды төлеуге және тауарларды кіргізу туралы Өтініш бермеуі бойынша өсімпұл**

Барлығы

оның ішінде

өсімпұл сомасы

кезең үшін


01.01.2009 ж. дейін

01.01.2009 ж. кейін

есептелді

төленді

4

15

16

17

18

19

20

21

22


      кестенің жалғасы

Өсімпұл бойынша есептер

Айыппұлдар бойынша есептер

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

Өсімпұл сальдосы (+, -)

Айыппұл есептелді (кемітілді) (+, -)

Айыппұл төленді (қайтарылды) (+, -)

Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер

өсімпұлдар сомасы

өсімпұлды өтеу кестесі

өсімпұлдар сомасы

өсімпұлды өтеу кестесі

23

24

25

26

27

28

29


      кестенің жалғасы

Айыппұлдар бойынша есептер

Қайтарымдарды шегере отырып жыл басынан енгізілді

есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүргізудің мерзімін бұзғаны үшін салық органына өсімақы есептелді

салық төлеушіге қайтарылатын өсімақы сомасы

өсімақы салық төлеушіге есептелді

өсімақы салық төлеушіге қайтарылды

Өсімпұл сальдосы (+, -)

30

31

32

33

34

35


      Ескерту: * Салық төлеушіге есептелген қайтарылуға расталмаған және артып кеткен ҚҚС бюджеттен келтірілген сомасының өсімпұлы көрсетіледі

      * бюджеттен қайтарылуға жатпайтын, Салық кодексінің 276-21-бабы 1-тармағымен белгіленген жанама салықтарды төлеуге және тауарларды кіргізу туралы өтінішті мерзімінде бермеген жағдайдағы есептелген және төленген өсімпұлдың сомасы көрсетіледі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
3-Қосымша
Дербес шоттарды
жүргізу ережесіне
23-Қосымша

      _______________________

      (салық органының атауы) нысан

      Салықтар, өсімпұлдар төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау (тоқтата тұру) өзгерту бойынша

      Тізілім

      __________________________________________________ бойынша

      (салық төлеушінің атауы және СТН (БСН/ЖСН бар болса)

Жазу күні

БЖК

салық міндеттемесін орындау (тоқтата тұру) өзгерту бойынша, салықтық міндеттеменің түрі

Салық режимінің түрі

Орындау (тоқтата тұру) өзгерту үшін негіздеме

Салық міндеттемесін орындау (тоқтата тұру) өзгерту бойынша негіздеме құжаттың күні және №

Орындау (тоқтата тұру) өзгерту мерзімі (___ бастап __ дейін)

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Орындау (тоқтата тұру) өзгерту бойынша жалпы сома

Өтеу кестесі

Өсімпұл есептеу үшін шарттар

Күні

Сома (теңге)

Салық (төлем)

өсімпұл

салық (төлем)

өсімпұл

8

9

10

11

12

13


      Тізілімді тапсырды:

      ____________________________________________ 20 ___ ж. "___" _____

      (Тізілімді тапсырушының лауазымы Т.А.Ә.

      және лауазымды тұлғаның қолы)

      Тізілімді қабылдады:

      ____________________________________________ 20 ___ ж. "___" _____

      (Тізілімді тапсырушының лауазымы Т.А.Ә.

      және лауазымды тұлғаның қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады