"Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 9 шілдедегі N 365 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6373 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.

      Жоғары оқу орындарында оқу үшін анағұрлым даярланған және дарынды үміткерлерді қабылдау рәсімін жетілдіру және іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оку бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 (1477) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында «жоғарғы» деген сөз «жоғары» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесінде:
      тақырыпта «қабылдаудың» деген сөздің алдынан «оқуға» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және PhD докторантураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.»;
      қазақ тіліндегі мәтінде 10-тармақтың 2) тармақшасындағы «куәландырылған құжат» деген сөздерден кейін «көшірмесі» деген сөз алынып тасталсын;
      10-тармақтың 2) тармақшасында «(резидентураға түсу үшін)» деген сөздерден кейін «, осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың 4) тармақшасында «құжаттар» деген сөзден кейін «, осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат» деген сөздермен толықтырылсын;
      қазақ тіліндегі мәтінде 13-тармақтағы «азаматтар» деген сөз алынып тасталсын;
      19-тармақта «Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы» деген сөздер «Ұлттық тестілеу орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармақта:
      «Конкурстық» деген сөздің алдына «Осы Ережеге қосымшаға сәйкес бағалардың 100 балдық шкаласы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тиісті ғылыми мамандығының бейіні бойынша» деген сөздер «таңдалған бейінге сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.Н. Доғалова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                М. Сарыбеков

      «КЕЛТСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      ________________ А. Құрманғалиева
      2010 жыл

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі    
білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 
қосымша              

Бағалаудың 4 және 100 балдық шкаласы бойынша бағаны
ауыстырудың жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады