"Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқытуды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 594 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6438 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1 тармақтың 5) тармақшасына, 145-бабының 1)3)8)14)17)19)28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқытуды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Бастапқы, орта және жоғары кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру шарттары мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 866 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда № 175 (799) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                                 Б. Садықов

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы
      __________ М.Н. Сарыбеков
      2010 жылғы 5 тамыз

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық істері агенттігінің
      төрағасының міндетін атқарушы
      ______________ Н.П. Тихонюк
      2010 жылғы 5 тамыз

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының  
2010 жылғы 03 тамыздағы 
№ 594 бұйрығымен бекітілген

«Техникалық, кәсіптік және жоғары бiлiм беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық, кәсіптік және жоғары бiлiм беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) барлық меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарына арналған.
      2. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының басшылары осы санитариялық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) оқу орындары – техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдары;
      2) сабақтың академиялық сағаты (оқу сағаты) – сабақ басталғаннан үзіліске дейін созылатын сабақтың және дәрістердің ұзақтығы техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру оқу орындары үшін - 45 минут, жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін кемінде - 40 минут;
      3) оқу жүктемесі – оқу орнында қабылданған оқу аптасында оқу орнында оқушылардың оқу сабақтары сағаттарының саны;
      4) оқу жүктемесінің жиынтығы – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді өткізуге бөлінетін сағаттармен қоса оқу сағаттарының жиынтығы.

2. Учаскеге және аумаққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Оқу орындары үшін бөлінетін жер учаскелерінің мөлшері мен орналасуы гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.
      5. Оқу орындарының жер учаскесінде мынадай негізгі аумақтар көзделеді: оқу-өндірістік, дене тәрбиесі-спорттық және әскери дайындық, демалыс, тұрғын үй (жатақханалар, сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету объектілері), шаруашылық, автомобильдер және басқа да көлік құралдарының тұруына арналған ашық алаңдар. Оқу-тәжірибелік аумақ оқу орнының бейініне байланысты бөлінеді.
      6. Қазіргі заманғы компьютерлік және есептеу техникасын, оқытудың электронды техникалық құрал-жабдықтарын, бағдарламалық және ақпараттық технологияны пайдаланатын оқу орындарында, оқу-өндірістік аймағында бір орынға 6 шаршы метр (бұдан әрі - м2) есебімен қосымша резервті алаңдар көзделеді.
      7. Қоймалар, гараждар, жөндеу шеберханалары және басқа да қосалқы үй-жайлар бір блокқа біріктіріледі және шаруашылық аймағына орналастырылады. Шаруашылық аймағы учаскенің алыс түкпірінде орналасады және оқушылардың қозғалысының негізгі ағынымен қиылыспайтын көшеден жеке кіретін жолы болады.
      8. Спорт аймағы спорт залға жақын орналасады және оқу үй-жайларының терезе орналасқан жағында орналаспайды.
      9. Көгалдандыру ауданы учаске көлемінің кемінде 40 пайызын (бұдан әрі - %) құрайды. Егер учаске орман немесе бақтың жанында орналасқан болса, көгалдандыру ауданын 30 %-ға дейін қысқартуға жол беріледі.
      10. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, жүйелі шығару жүйесі мен аумақты тазалауды ұйымдастыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі - НҚА) сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ғимараттар мен негізгі үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      11. Үй-жайларды жобалаған кезде жобалауға арналған тапсырмамен халықтың аз қозғалатын тобы үшін қолжетімділік көзделеді және пандустар орнатылады.
      Ғимаратта лифт болмағанда және пандус орнату мүмкін болмағанда кресло-арбалардағы келушілердің жеке пайдалануы үшін бейімделген арнайы көтергіш қондырғысы немесе лифт көзделеді. Олардан шығатын жерлерді мүгедектер баратын үй-жайлар бар қабаттың деңгейінде орналастырады.
      12. Үй-жайлардың ауданы олардың мақсатына және оқушылардың санына байланысты белгіленеді.
      Аудиториялар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналастырылады.
      13. Цокольдық қабаттарға киім ілетін орын, дәретханалар, себезгі бөлмесін, қоймаларды, кітап қоймаларын орналастыруға жол беріледі. Жертөле қабаттарында өндірістік шеберханаларды, арнайы жабдығы бар арнайы пәндерді оқуға арналған зертханалық аудиторияларды, бойлерлік, сорғы су құбырлары мен кәрізді, желдеткіш камераларын, ауаны баптауға арналған камераларды, лифттердің машина бөлімдерін орналастыруға жол беріледі.
      14. Спорт және акт залдары, кітапханалар, асханалар оқу үй-жайларына қарамастан оларды пайдалану мүмкіндігі ескеріле отырып орналастырылады. Асхана мен ас үй үй-жайлары шаруашылық аймағына шығатын есігі бар 1-қабаттағы жеке блокқа бөлінеді.
      15. Оқу процесінің талаптарына сай бөлек оқу ғимараттарының арасында жылытылатын өткелдер көзделеді. IV климаттық ауданда орналасқан жоғары оқу орындары үшін жылытылатын өткелдер құрылғысы қажет етілмейді.
      16. Оқу үй-жайлары оқу-өндірістік шеберханаларынан, спорт залдарынан, ас блогының үй-жайларынан оқшау орналастырылады. Спорт залын оқу, әкімшілік үй-жайларының, медициналық мақсаттағы үй-жайлардың үстіне орналастыруға жол берілмейді.
      17. Спорт залдарда себезгі бөлмесі мен дәретханасы бар 2 шешінетін бөлме, оқытушыға арналған кабинет, спорт мүкаммалын сақтайтын ауданы кемінде 18 м2 болатын снарядтық және қойма бөлмесі болуы қажет.
      18. Үй-жайлардың ішкі әрлеуі олардың функциялық мақсатына сай орындалады. Қабырғалардың, арақабырғалардың және төбелердің беттері біртұтас, тегіс, ылғалды тазалау мен дезинфекциялауға оңтайлы болуы тиіс.
      19. Үй-жайлардың, ауа жүретін жолдардың, желдеткіш жүйелердің, сүзгілердің ішін әрлеу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар пайдаланылады. Үй-жайлардың қабырғалары мен төбелерін әк немесе сулы эмульсиямен ақтау және түсқағаз пайдаланылуы мүмкін.
      20. Эпидемияға қарсы, дезинфекциялау режимін сақтауды қажет етпейтін үй-жайларға (вестибюльдер, дәліздер, холлдар) аспалы төбелерді қолдануға және оларды жинау және тазалауға мүмкіндігін қамтамасыз етуге жол беріледі.
      21. Ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайлардың төбелері суға төзімді бояулармен боялады, қабырғалары глазурленген тақтайшалармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен төбеге дейін әрленеді, едендерді жабу үшін су өткізбейтін материалдар қолданылады.
      22. Химиялық, радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеумен байланысты үй-жайларды және жұмыс ерекшелігі арнайы жағдайларды қажет ететін зертханаларды әрлеу біртұтас болуы тиіс.
      23. Оқу үй-жайларындағы едендердің жылу оқшаулайтын қасиеті (паркет, паркетті тақтай, ағаштан жасалған, майлы бояумен сырланған) жоғары болуы тиіс. Еденнің бетіне линолеум төсеген кезде олар тегіс, негізіне тығыз жапсырылып, ойықсыз, жарықсыз, тесіксіз болуы тиіс. Линолеумнің бір біріне жанасатын жерлерінің арасы мұқият дәнекерленеді. Қабырғаның тұсындағы линолеумнің шеттері қабырға мен еденнің арасын біріктіретін еден бастырғының астына келтіріледі. Вестибюльдердегі едендерді механикалық әсерге (мәрмәр үгітіндісі, мәрмәр, таскестелік едендер) төзімді етіп жасау керек.
      24. Раковиналарды және басқа да санитариялық-техникалық құралдарды, сондай-ақ оларды пайдалану қабырғалар мен арақабырғаларды ықтимал ылғалдандырумен байланысты жабдықтар еденнен биіктігі 1,8 метр (бұдан әрі - м) және жабдықтар мен құралдардан әр жағынан 20 сантиметр (бұдан әрі - см) шығып тұратындай етіп, судан оқшаулағыш глазурленген тақтайшамен немесе ылғалға төзімді басқа да материалдардан жасау көзделеді.
      25. Ғимараттың әрбір қабатында және оның жеке блоктары бойынша жасөспірімдер мен қыздарға, сондай-ақ педагогтар мен қызмет көрсететін персоналға арналған жеке дәретханалар жабдықталады.
      26. Оқу орындарының бейініне байланысты құрал-саймандарды, шеберханалар үшін дайындалған заттар, шикізаттар және дайын өнімдерді сақтау үшін үй-жайлар көзделеді. Әрбір шеберхана арнайы жұмыс киімдерін сақтауға арналған шкафтармен және ыстық, суық су келтірілген қол жуғыш раковиналармен жабдықталады.

4. Сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылуға, желдетуге, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      27. Оқу орындары су құбырымен, кәрізбен, сумен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, желдетумен жабдықталады.
      28. Ғимараттар осы елді мекенде жұмыс істейтін электр, телефон желілеріне және басқа да инженерлік коммуникацияларға қосылады.
      29. Оқу орындары үшін ыстық сумен жабдықтау жүйесі істен шыққан жағдайда немесе профилактикалық жөндеу жүргізгенде буфеттерде және ас блогында резервтік (апаттық) ыстық сумен жабдықтау көзделеді.
      Зертханалық-техникалық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ыстық сумен жабдықтау көзделеді.
      30. Санитариялық-техникалық құралдар мен құрылғылар жарамды күйде, тотығудан немесе басқа да ластан тазартылады, жарықтары мен басқа да ақаулары болмайды. Жарамсыз құралдар ауыстырылуға жатады. Дәретханалар кабиналармен, ілгіштермен, раковиналармен, айналармен жабдықталады.
      31. Санитариялық-техникалық құралдардың санын отыз адамға бір құрал есебімен алу керек. Ерлер дәретханаларындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болады.
      32. Жылыту жүйелері барлық жылыту кезеңінде үй-жайлардағы ауаның бір қалыпты жылытылуын қамтамасыз етеді, пайдалану процесінде бөлінетін зиянды заттармен және иістермен ауаның ластануын болдырмайды, рұқсат етілген деңгейден аспайтын шу болдырмайды, реттейтін құрылғылармен қамтамасыз етіледі, ағымдық қызмет көрсету және жөндеу үшін ыңғайлы болады.
      33. Жылыту құралдары сыртқы қабырғаларда, терезелердің астында, қоршаусыз орналастырылады. Спорт залдарында және зертханаларда жылыту құралдары сәндік торлармен, торшалармен немесе саңылауы бар қабарғалармен қоршалады. Қоршаулар ағымдық пайдалану және аспаптарды тазалау үшін еркін қол жетуді қамтамасыз етеді және аспаптардың беттерін 15%-ке артық көбейту қажеттілігі туындамайтындай болып орналастырылады.
      34. Орталықтандырылған жылыту жүйелерінде жылу тасығыш ретінде жоғарғы температурасы 85 градус Цельсий болатын су пайдаланылады.
      35. Жылыту, желдету мен ауаны баптау жүйелері микроклиматтың және үй-жайлардағы ауа ортасының тиімді жағдайларын қамтамасыз етеді.
      36. Барлық үй-жайларда желқағар, ашылатын фрамугалар, терезе жармалары, сондай-ақ желдеткіш каналдар арқылы табиғи желдету көзделеді. Жұмыс істеп тұрған желдеткіштер мен электр қозғалтқыштары бөгде шусыз бірқалыпты жүреді және құрылымның дірілін тудырмайды.
      37. Зерханаларда, оқу-өндірістік шеберханаларда, аудиторияларда, курстық және дипломдық жобалау жұмыстары залдарында, акт және спорт залдарында, асханада, медициналық мақсаттағы үй-жайларда және санитариялық тораптарда сорып шығаратын желдету жүйесі көзделеді.
      38. Оқу орындары үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандыру гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
      39. Барлық оқу үй-жайлары, зертханалар, кітапханалар табиғи жарықпен қамтамасыз етіледі. Сызу және сурет залдарындағы, информатика кабинеттеріндегі жарық жақтауларының бағыты солтүстікке, солтүстік-шығысқа және солтүстік-батысқа қарай орындалады. Оқу және зертханалық үй-жайларды жоспарлау және оларда жабдықтарды орналастыру студенттердің жұмыс орындарына жарық бүйірден сол жағынан түсуін қамтамасыз етеді.
      40. Жасанды жарықтандыру үй-жайдың мақсатына сәйкес келеді, жеткілікті, реттеледі және қауіпсіз болады, адамға және үй-жайдың ішкі ортасына көз шағылыстыратын және басқа да жайсыз әсер тудырмайды. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Жекелеген функциялық аймақтарды және жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жергілікті жарық орнатылады.
      41. Үй-жайларды табиғи жарықсыз жасанды жарықтандыруға кітап сақтау орындарында, акт залдарында, телестудияларда, сурет зертханаларында, рентген кабинеттерінде, киім ілетін орындарында, себезгі бөлмелерінде, дәретханаларда жол беріледі. Оқыту-зертханалық үй-жайларда қуаттану көзіне қарамастан апаттық жарық көзделеді.
      42. Үй-жайларда жасанды жарықтандыру люминесцентті және қыздыру шамдарымен жүзеге асырылады. Үй-жайларда төбеде орналастырылатын жалпы жарықтандыру шамшырақтары жарықты барлық жаққа бірдей жабық таратқышпен көзделеді.
      43. Көру дәлдігін қажет ететін жұмыстарды орындау кезінде жұмыс орындарын жарықтандыру деңгейі аралас жарықтандыру жүйесі кезінде кемінде 4000 люкс (бұдан әрі - лк) көздейді.
      44. Техникалық оқыту құралдарды кабинеттерінде (бұдан әрі - ТОҚ) жарық жағдайы ТОҚ-ын көзбен көріп пайдалану кезінде жазу жүргізу мүмкіндігі ескеріле отырып құрылады, бұл ретте жұмыс бетінің жарықтығы экранның жарығынан аспайды және оны жарықтандыру 300 лк-тен төмен көзделеді.
      45. Темір ұстасы шеберханаларында жарық жалпы жарықтандыру арқылы беріледі, бұл ретте жұмыс орнындағы жарық деңгейі кемінде 500 лк көздейді. Өндірістік шеберханаларда, арнайы технологияға арналған кабинеттерде жарық деңгейі жұмыстың мөлшеріне, дәлдігіне қарай, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жұмыс орнындағы жарық нормасының контрастық фонымен белгіленеді, бірақ оқыту үй-жайларындағы жарықтан кем болмайды. Аралас жарықтандыруға жол беріледі.
      46. Сынып тақтасын жарықтандыру үшін шамшырақтар еденнен 2,2 м биіктікте, сынып тақтасының 0,6 м биіктік деңгейінде паралель орналастырылады. Сынып тақтасына түсетін жарық кемінде 500 лк көзделеді.

5. Оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      47. Оқушылардың саны оқу орнын жобалық қуатынан аспауы тиіс. Аудиторияларды, оқу кабинеттерін, зертханаларды құрал-жабдықтармен жабдықтау олардың бейінін және қауіпсіздік техникасын сақтауды есепке ала отырып жүзеге асырлады.
      48. Оқыту кабинеттері, зертханалар оқушылардың бойына сәйкес үстелдермен және орындықтармен жабдықталады. Сүйенетін арқасы жоқ орындықтарды, табуреттер мен орындықтарды және істен шыққан жиhазды қолдануға жол берілмейді.
      49. Оқыту кабинеттерінде және өндірістік үй-жайларда құрал-жабдықтарды көру бұрышын сақтай отырып, кемінде 35 градус (бұдан әрі - o) орналастырылады:
      1) аудиториядағы және кабинеттердегі әрбір орынға арналған үстелдердің өлшемдері: ені 0,5 м, ұзындығы 0,6 м, биіктігі 0,75 м кем болмайды. Үстелдер арасындағы арақашықтық (өту ені) кемінде 0,6 м;
      2) сынып тақтасы мен бірінші қатардағы үстелдердің арасындағы өтетін жер 2,4-2,7 м; қабырға арасында және қабырғаға қарсы орналасқан тақтаның немесе жанастырыла жасалған шкафтар мен соңғы парталардың арасы кемінде 0,7 м;
      3) шаршы түрінде немесе ұзына бойы орналасқан кабинеттерде жиhаз 4 қатар болып орналастырылады, бұл ретте алдыңғы үстел мен сынып тақтасының арақашықтығы кемінде 3 м;
      4) зертханаларда оқу жиhаздарының арақашықтығы 1,0 м, ал сызу кабинеттердегі сызу үстелдерінің арасы 0,7 м;
      5) шеберханаларда жабдық жарық түсетін қабырғаға перпендикуляр немесе 35o-45o бұрышпен (станоктардың арасы 1,2 м, ал қатар арасы кемінде 0,8 м) орналастырылады;
      6) шеберханалар шуды аз шығаратын құралдармен жабдықталады, шу мен дірілді азайту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
      50. Сынып тақтасының мөлшері мен конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін: иілу биіктігі бойынша жылжымалы, ашылатын, өзгеретін. Сынып тақталары бордың үгіндісін, сүртетін шүберекті немесе сіңіргіш затты қоятын ернеумен жабдықталады.
      51. Арнайы кабинеттердің, оқыту бөлмелерінің, бейне терминалдағы (бұдан әрі - БТ) және дербес компьютерлердегі (бұдан әрі - ДК) жұмыспен байланысты оқытушылардың жұмыс орнының жабдықтары, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындар гигиеналық талаптарға сәйкес болады.
      52. Оқу орындарының барлық үй-жайлары таза күйде ұсталады. Жинау жұмыстары күнделікті, күрделі тазалау жұмыстары еденді, жарықтандыру торларын, жиhаздарды, есіктерді жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы жетісіне бір рет жүргізіледі.
      Дәретханалар мен жарықтандыру торларын жууға оқушыларды тартуға жол берілмейді.
      53. Жинау мүкаммалы таңбаланады және арнайы шкафтарда немесе осы мақсатта бөлінген орында сақталады.
      54. Оқу орындарында сабақ беруді екі ауысымды жүргізуге жол беріледі және кестені құрған кезде топтардың санын, аудиториялық қорды, пәндердің еңбекқорлықты талап ету деңгейін және ағзалардың физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып сабақ кестесімен реттеледі. Аса қарқынды сабақтар жұмыс қабілеттілігінің жоғары кезеңіне келеді.
      55. Сабақ кестесі оқушылардың оқу еңбегін бөлуді, оқу жүктемесін біртіндеп көбейтуді, еңбектің қолайлы және тиімді режимін қамтамасыз етеді, қатарынан екі дәріс өткізуге жол берілмейді.
      56. Дене шынықтыру сабақтары спорт бағытындағы арнайы мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда кез келген күні аптасына кемінде 4 сағат көлемінде, осы санитариялық ереже мен нормаларға сай оқушылардың медициналық топқа бөлінуі ескеріле отырып жүргізіледі. Жетісіне екі рет болатын дене шынықтыру сабақтарын екі күн бойы күн сайын өткізуге жол берілмейді. Дене шынықтыру сабақтарын оқу күнінің соңында өткізіледі.
      57. Сабақ кестесін жасағанда бір семестрге жасалады, оқу аптасы бойына оқушылардың оқу еңбегін біркелкі тарату ескеріле отырып оқу күні бойы оқу процесінің үздіксіздігін көздейді.
      58. Шектен тыс шаршауды болдырмау үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) БТ және ДК-мен жұмыс істегенде әрбір 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар жүргізу;
      2) оқу процесіне қарамастан әрбір академиялық сағаттан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут болатын үзіліс жасау;
      3) БТ және ДК-мен нормаланған уақыт жұмыс істеуді қамтамасыз ету мақсатында БТ және ДК-ге таймер қосу немесе бейнемонитор экрандарында ақпараттардың көрінуін орталықтандырылған түрде өшірілуі;
      4) үзіліс кезінде оқушыларды үй-жайлардан шығарып, желдетуді ағынды түрде жүргізу;
      5) үзіліс кезінде дене шынықтыратын жаттығуларды 3-4 минут бойы жасау;
      6) БТ және ДК-мен оқу сабақтарын сағат 17-ден кейін оқушыларға өткізуге жол берілмейді.
      59. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде немесе студенттік жасақ құрамында (жазда) жұмыс істегенде БТ және ДК-мен жұмыс істеу уақыты бірінші курс студенттері үшін 3 сағат, ал жоғары курс студенттері үшін 4 сағат болып, сабақ өткізу кезінде аурудың алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
      60. Студенттердің оқыту жүктемесінің (аудиториялық және аудиториядан тыс жерде өтетіндерін) барлық жиынтығы бірінші курстағылар үшін жетісіне 54 сағат мөлшерінен асырмай, келесі курстағылар үшін 57 сағат жоспарланады. Бір күнгі академиялық жүктеме орташа алғанда 10 сағатты құрайды, оның 6 аудиториялық сағатты, ал өз бетімен аудиториядан тыс жерде дайындалу 4 сағатты құрайды.
      61. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда сабақ оқудың кестесін құрған кезде оқу процесі мен оқу жоспары ескеріле отырып, оқу жоспарында көрсетілмеген сабақтарды көздемейді.
      62. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың оқушылары үшін берілетін жүктеме жетісіне 36 сағаттан аспайды.
      63. Егер жұмыс бір түрде реңсіз (конвейрлі өндіріс, ұсақ өнімдерді жинастыру) қайталанатын болса, әрбір 50 минут сайын 10 минут үзіліс жасалады; жұмыс басталардан бұрын және әрбір 2 сағаттан кейін өндірістік гимнастика (7-8 минут) жасалады. Станоктық мамандықтар үшін тоқу өнеркәсібінде 3-3,5 сағат жұмыстан кейін 40-50 минут үзіліс жасалады.
      64. Металлургия саласындағы кәсіпке байланысты алғашқы 5-6 апта ішінде жұмыс ауырлығы азайтылады және 6 сағатқа дейін бірте-бірте ұзартыла отырып жұмыс күнінің ұзақтығы 3 сағатқа дейін қысқартылады. Жұмыс күні ішінде «ыстық» және «салқын» жұмыстар ауыстырылып отырады; ыңғайлы микроклиматы бар үй-жайларда қосымша үзілістер көзделеді. Оқушылар жеке қорғаныш құралдарымен және ауыз су режимі қамтамасыз етіледі.
      65. Құрылысшы мамандығына мыналар көзделеді: қолайлы киімдерді қолдану, 15 минут қосымша үзілістер, түскі асқа 40 минут үзіліс, ауыз су режимін ұйымдастыру.
      66. Құрылыс бейініндегі ауыл шаруашылық механизаторлар мамандығы үшін машиналарды жүргізу уақыты күніне 3 сағаттан асырмай көзделеді.
      67. Химиялық бейіндегі мамандыққа оқыту кезінде оқытудың бірінші курсында оқу ұйымының шеберханаларында, зертханаларында немесе кабинеттерінде, 2-3 курстарда - цехтарда немесе өндірістік жұмыс орындарында жүргізіледі. Оқыту тек бірінші ауысымда жүргізіледі, оқушыларға технологиялық жабдықтарды жөндеуге жол берілмейді. Өндірістік жағдайда болу уақыты 4 сағаттан аспайды.
      68. Оқушылар үшін сауықтыру іс-шаралары көзделеді: күнделікті тамақты витаминдеу, үйлесімді тамақтандыру, профилактикалық ультракүлгін сәулелену, күніне кемінде 3 сағат таза ауада жүру.

6. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      69. Оқушыларға арналған тұру және оқу орындарында қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық ереже талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілері көзделеді.
      70. Қоғамдық тамақтану объектісіне келіп түскен өнімдер мен шикізаттарда олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары қоса жүреді.
      71. Тамақтану тиімді, толыққанды, қауіпсіз болуы және диеталық тамақ енуі тиіс. Тамақтың рационы құрамындағы белок, май, көмірсу, витаминдер мен минералды тұздары бойына үйлесімді болу тиіс.

7. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      72. Оқушылар тұратын орындарда медициналық пункттер көзделеді.
      73. Оқу орындарында медициналық пунктке арналған үй-жай бөлінеді. Медициналық пункт дәрі-дәрмектермен, қажетті медициналық аппаратурамен, жиһазбен, жинау мүкаммалымен жабдықталады.
      74. Оқу орындарының медициналық тексеруден өтеді.

«Техникалық, кәсіптік және      
жоғары бiлiм беру оқу орындарын   
күтіп-ұстауға, пайдалануға және   
оқыту жағдайларына қойылатын     
санитариялық-эпидемиологиялық    
талаптар» санитариялық ережесіне  
қосымша               

Дене шынықтырумен айналысатын медициналық топтар

Медициналық топ

Оқушының медициналық сипаты

Рұқсат етілген физикалық жүктеме

Негізгі топ

Денсаулық жағдайында ауытқулары жоқ адамдар және денесі жақсы жетілген және дене дайындығы жақсы бола тұра денсаулық жағдайында аздаған ауытқулары бар адамдар

Толық көлемдегі оқу бағдарламасы бойынша сабақтар, спорт секцияларының бірімен айналысу, жарыстарға қатысу

Дайындық тобы

Денсаулық жағдайында ауытқулары жоқ адамдар және денесі жақсы жетілмеген және дене дайындығы жеткіліксіз,  денсаулық жағдайында аздаған ауытқулары бар адамдар

Ағзаға жаңа талаптарды қоюға байланысты қимылмен дағдының кешенін неғұрлым біртіндеп меңгеретін оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін сабақтар. Дене бітімін жетілдіру және дайындық деңгейін көтеру үшін қосымша сабақтар өткізу

Арнайы «А» тобы

Дене тәрбиесі жүктемесін шектеуді қажет ететін тұрақты немесе уақытша сипаттағы, денсаулық жағдайында ауытқулары бар, оқу және өндірістік жұмысты орындауға рұқсат етілген адамдар

Арнайы оқу бағдарламалары бойынша сабақтар

Арнайы «Б» тобы

Емдік дене тәрбиесі сабағына жіберілген адамдар (жіті аурулардан, созылмалы аурулардың асқынуларынан кейін, жарақаттан және операциядан кейін)

Емдік дене тәрбиесінің жеке әдістері бойынша сабақтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады