"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6466 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықтың 1 -қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      1 «Салықтық түсімдер» санатында:
      05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» кіші сыныбында:
      1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 11, 12 ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «11 Бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушілердің (қайтару) аударатын сомалары
      12 Салықтық тексеру кезінде расталмаған, бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін (қайтару) аударатын өсімпұл сомалары»;
      5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
      01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 2 «Пайдаланылмаған бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару» кіші сыныбымен толықтырылсын:
      мынадай мазмұндағы 01, 02 ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «01 Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару
      02 Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
      9 «Отын және энергетика» функцияналдық кіші тобында:
      233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «025 Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру»;
      16 «Қарыздарды өтеу» функционалдық тобында:
      1 «Қарыздарды өтеу» функцияналдық кіші тобында:
      257 «Облыстың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «018 Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
      356 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «019 Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
      452 «Ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «021 Жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
      459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 022 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «022 Жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А. Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады