Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6479 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 212 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Кодексінің (Салық кодексі) 276-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 612 бұйрығының (2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) "Заң газеті" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап әрекеттерге таралады.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 408 бұйрығымен бекітілген

      Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі)

      Қағаз мәтініне қараңыз

  Тізілімге 1-қосымша
парақ А

      Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы

  Тізілімге 1-қосымша
парақ В

      Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы

  Тізілімге 1-қосымша
парақ С

      Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы

      Қағаз мәтініне қараңыз

  Тізілімге 2-қосымша
парақ А

      Өкілдік персоналы туралы мәліметтер

  Тізілімге 2-қосымша
парақ В

      Өкілдік персоналы туралы мәліметтер

  Тізілімге 2-қосымша
парақ С

      Қағаз мәтініне қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады