"Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/324 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 3372 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № А-8/323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.06.28 № А-8/323 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» қаулысына cәйкес, 2010 жылғы 25 тамыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның актісі негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы резервіленген жер учаскелерінің орналасу сызбасы мен экспликациясына сәйкес (1,2 қосымша) шекара аумағында жалпы көлемі 60 814 гектар, соның ішінде 48 946 гектар босалқы жер, 11 868 гектар орман қорынан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін жер учаскелері резервте қалдырылсын.
      2. Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына жатқызғанға дейін, резервте қалдырылатын жер учаскелері Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңымен белгіленген тәртіп бойынша пайдаланылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                  С. Дъяченко

Ақмола облысы әкімдігінің
2010 жылғы 06.09
№ А-9/324 қаулысына
1 қосымша

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін
резервіленген жер учаскелерінің орналасу сызбасы

      Ескерту. Қағаз мәтінінен қараңыз.

Ақмола облысы әкімдігінің
2010 жылғы 06.09
№ А-9/324 қаулысына
2 қосымша

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін
резервте қалдырылатын жер учаскелерінің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Жерлердің санаты

Жалпы көлемі, (гектар)

Орман алаптары, (гектар)

Орман қорының жері, соның ішінде:

11868,0

8003,2

А) шоғыр орман

3967,0

3967,0

Б) «Соколиные горы» мемлекеттік табиғи қорықшасы

4885,0

1020,2

В) Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшасы

3016,0

3016,0

Ерейментау ауданының босалқы жерлері

48946

-

БАРЛЫҒЫ:

60814

8003,2

кестенің жалғасы

Орман емес алаптар, соның ішінде, (гектар)

шабындықтар

жайылымдар

су астында

басқалар

орман емес алаптар

499,1

2017,2

4,6

1343,9

3864,8

-

-

-

-

-

499,1

2017,2

4,6

1343,9

3864,8

-

-

-

-

-

-

48719

69,0

158,0

48946

499,1

50736,2

73,6

1501,9

52810,8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады