2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 1-2-136 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 03-45ш/2838 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережелерімен сәйкес, Степногорск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы Степногорск қаласы әкімінің шешімінің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
      3. Осы Степногорск қаласы әкімінің шешімі Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі А.Никишов

      "КЕЛІСІЛГЕН":
      "Ақмола облысы Степногорск
қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Асылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады