Аршалы ауданының елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуге қосымша регламенттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 31/8 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда № 1-4-177 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 қарашадағы № С 34/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 18.11.2014 № 34/6 (қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданының елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізетін орындарды қосымшаға сәйкес қосымша регламенттелсін.
      2. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Т.Шатрова

      Аршалы аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Аршалы аудандық ішкі саясат
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Ф.Накохова

Аршалы аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 4 қарашада
№ 31/8 шешіміне қосымша

Аршалы ауданының елді мекендер аумағында
бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді
және демонстрацияларды өткізетін орындары

Елді мекендер
атауы

Өткізетін
орындар

1

Аршалы кенті


Аршалы кенті

Тәшенов көшесі 47 үй, аудандық
мәдениет үйі алдындағы алаң

2

Анар селолық округі


Анар станциясы

Қазақстан көшесіндегі 84 және
86 үй аралығындағы бос кеңістік


Донецкое селосы

Әуезов көшесінің соңы

3

Жібек Жолы ауылдық округі


Жібек Жолы ауылы

Целинная көшесінің басы


Жалтыркөл ауылы

Сана би көшесінің басы

4

Ақбұлақ селолық округі


Ақбұлақ ауылы

Центральная көшесінің басы


Ақтасты селосы

Наурыз көшесінің соңы

5

Бірсуат селолық округі


Бірсуат ауылы

Жеңіс көшесінің басы

6

Волгодонов селолық округі


Волгодоновка селосы

Центральная көшесінің басы


Қойгелді селосы

Жастар көшесінің басы


42 разъезд

Конституция көшесіндегі 10 «а» бос кеңістік

7

Арнасай ауылдық округі


Арнасай ауылы

Рождественский көшесінің соңы


Бабатай станциясы

Ғабит Мүсрепов көшесінің басы

8

Ижев селолық округі


Ижевское селосы

Мир көшесінің басы


Шөптікөл станциясы

Сейфуллин көшесінің басы

9

Түрген ауылдық округі


Түрген ауылы

Жеңіс көшесінің басы


Красное озеро селосы

Қызыл көшесінің басы


Родники селосы

Озерная көшесінің басы

10

Константинов селолық округі


Константиновка селосы

Центральная көшесі 49,Ұлы Отан
соғысында қаза болған жауынгерлерге ескерткіш алдындағы алаң


Шортанды селосы

Центральная көшесі 15, селолық клуб алдындағы алаң


Белоярка селосы

Аксенов көшесі 19 жері аумағындағы бос кеңістік

11

Бұлақсай ауылдық округі


Бұлақсай ауылы

Мәдениет үйі алдындағы орталық алаң


Костомар селосы

Конаев көшесінің басы


Ақжар селосы

Әуезов көшесінің басы

12

Михайлов селолық огругі


Михайловка селосы

Абай көшесі 15, мәдениет үйі алдындағы алаң


Ольгинка селосы

Еңбек көшесі 7, селолық клуб алдындағы алаң


Николаевка селосы

Новая көшесі 12, селолық клуб алдындағы алаң

13

Сараба селолық округі


Сараба селосы

Абай атындағы көшесі ортасында


Сары-Оба станциясы

Бейбітшілік көшесінің басы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады