2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 4С24/3 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 наурызда № 1-5-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С33/1 шешемімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011.02.11 № 4С33/1 шешемімен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Атбасар ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 қантардағы № 01-75 хатын қарастырып, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары анықталсын:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Сәдуақасов М.Н.

      Атбасар аудандық
      мәслихат хатшысы                           Борұмбаева Б.А.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Әубәкіров Р.Ш.

      «Атбасар ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Серкебаева М.Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады