Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 4С4/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № 4С28/7 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда № 1-5-142 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С-7/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.06.27 № 5С-7/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты шешім етті:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С4/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-5-89 тіркелген, «Атбасар»және «Простор» газеттерінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда аталған шешімнің және ереженің преамбуласында келесі мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысымен» сөздермен және сандармен толықтырылсын;
      5 тараудың 5.2 тармағында 1), 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын: «1) өтініш білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесі; «3) тұрғын үйге құқығын бекітетін құжат көшірмесі»; «4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі»;
      Ереженің 5 тарауындағы 5,2 тармағындағы 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Махамбетова Т.М.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

      «Атбасар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Коваленко О.И.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады