Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19/11 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі № 4С-24-7 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 1-6-140 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2011.11.15 № 4С-39-4 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-115 тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақта:
      екінші абзацында «аз қамтамасыз етілген азаматтар» сөзінен кейін «, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын» сөздерімен толықтырылсын;
      төртінші абзацында «мүгедектер» сөзінен кейін «және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне өтінішсіз» сөздерімен толықтырылсын;
      тоғызыншы абзацында «кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары» сөзінен кейін «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының Астрахан аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде, ай сайын коммуналдық қызметке төлем шығындарының орнын толтыруға ай сайынғы есептік көрсеткіш мөлшерінде» сөздерімен толықтырылсын;
      оныншы абзацында «колледжде оқитын аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың» сөздерінен кейін «күндізгі оқу формасындағы» сөздерімен толықтырылсын, «студентеріне оқуға төлеу үшін» сөздерінен кейін «оқудың жылдық құны мөлшерінде оқу орнының шартының және анықтамасының негізінде» сөздерімен толықтырылсын.
      2. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            М. Сағымбаев

      Астрахан аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               А. Ермилов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      Астрахан ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндетін атқарушы               Қ. Садауов

      Астрахан ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          Т. Наприенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады