Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2011.03.31 № 9 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Астрахан
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Кантемиров