Акимовка, Оксановка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Қатені түзеу

Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 03 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1-6-137 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 02 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1.Акимовка, Оксановка ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін:

      Акимовка ауылында № 1 көшесіне Сарыкөл атауы;

      Оксановка ауылында № 1 көшесіне Достық атауы.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық
округінің әкімі
Р.Шәймерденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М.Сексенбаев
      Астрахан ауданының "Сәулет
және қала құрылысы бөлемі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Н.Герасимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады