Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 4С-28/4 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1-7-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-104 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпандағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ мына мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) Бұланды ауданының тұрмысы төмен отбасылардан және ауылдық жерлерінде тұратын көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге, оқу орнымен шарт негізінде, білім беру қызметінің жылдық құны мөлшерінде.».
      2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 28-сессияның
      төрағасы                                   А.Альберг

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

      «Бұланды ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекеменің бастығы                          К. Есмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады