2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/66 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде 1-8-94 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010.12.27 № А-12/266 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлімінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады