РҚАО-ның ескертпесі.
Қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 19 маусымдағы шешіміне сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы Советская көшесі Қабдолла Көшербаев атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т. Хамитов
Еңбекшілдер аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы Қ. Хамзин
Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының хатшысы М. Исажанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
жанындағы ономастика және тілдер
саясаты жөніндегі
комиссияның төрағасы Қ. Шаяхметов
Еңбекшілдер аудандық
«Сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Ахметова