Садовый селолық округінің Березняковка селосында бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовый селолық округі әкімінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 шілдеде 1-14-139 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің 2010.09.27 № 4 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес, Зеренді ауданы бас ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 690 ұсынысы негізінде, селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың жұқпалы ауруының (бруцеллез) пайда болуына байланысты Садовый селолық округі Березняковка селосының аумағында шектеу шаралары белгіленсін.
      2. Садовый селолық округінің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері шектеу шараларын белгіленген мерзімдерде өткізуді орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                 Е.Байкенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      Мемлекеттік инспекция комитетінің
      Зеренді аумақтық инспекциясының
      бас ветеринариялық инспекторы              Аманов Қ.Қ.

      Ақмола облысының Денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы «Зеренді орталық
      аудандық ауруханасы» шаруашылық
      жүргізу құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Жанғалов Б.Б.

      Зеренді ауданы бойынша
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Нұрхан М.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады