2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 03 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда № 1-15-140 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 665 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 33 бабына «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес Қорғалжын ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1993 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың «Ақмола облысы Қорғалжын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы шешім Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізеледі.

      Аудан әкімі                                С.Р.Қасенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      Қорғалжын ауданының
      қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі»                          Т.О.Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады