Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № А-6/298 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы бойынша 2010 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Целиноград ауданы әкімдігінің «Целиноград ауданы бойынша 2009 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш пайыздық мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-84 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда «Призыв - Ұран» газеттерінде жариялған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы аудан әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мыңжанов