2009 жылға арналған Целиноград ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда № 1-17-84 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/65 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010.04.12 № А-4/65 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және 2005 жылғы 13 ақпандағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша 2009 жылға арналған жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құрған кәсіпорындарға мүгедектерді жіберсін.
      3. Осы қаулы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

      «Агрофирма «Родина»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің бас директоры               И.Сауэр

      «Семеновка АЭ»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   К.Есенов

      «Новоишимка АЭ»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   В.Кирилишин

      «Шалкар АЭ»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   Д.Камзебаев

      «Оразак»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   К.Абилдинов

      «Маншук АЭ»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   В.Пфафенгут

      «Кадам НС»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   И.Кожабаев

      «Нура АЭ»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   М.Сыздыков

      «Агрофирма «Ақтық»
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестіктің директоры                   А.Түтенов

Қосымша
Целиноград ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 29 қаулысымен
Бекітілді

Мүгедектерді үшін арнайы жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың атауы

Орын саны

1

«Ақмола Феникс» акционерлік қоғамы, келісім бойынша

2

2

«Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

3

3

«Семеновка АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

4

«Новоишимка АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

5

«Шалкар АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

6

«Оразак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  келісім бойынша

1

7

«Маншук АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

8

«Кадам НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

9

«Нура АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2

10

«Агрофирма «Ақтық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісім бойынша

2


Барлығы

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады