Целиноград ауданы бойынша 2010 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/65 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде № 1-17-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-6/298 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № А-6/298 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша 2010 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Целиноград ауданы әкімдігінің «Целиноград ауданы бойынша 2009 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш пайыздық мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-84 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда «Призыв - Ұран» газеттерінде жариялған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы аудан әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады