Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының
1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы бойынша 2011 жылға арналған жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Аудан әкімдігінің «Целиноград ауданы бойынша 2010 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/65 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1-17-133 тіркелген, 2010 жылғы 4 маусымдағы «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Жунусов