Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың қаңтар–наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды «Целиноград ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Бабатай-ұлы көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Целиноград ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде әскерге шақыру участкісіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 12 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-127 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мыңжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Целиноград
ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Тұнғатаров