Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерінде төленетін жалдау ақысының мөлшерінің көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкідігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № А-2/339 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 21 қаңтарда № 1-18-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № А-2/304 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011.11.09 № А-2/304 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға берілген үйлерде өндіріліп алынған жалдау ақысы төлемін есептеу әдістемесінің негізінде Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданының жалға алу мемлекеттік үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө.Рыскелдиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының әкімі                   С.Қамзебаев

Шортанды ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ А-2/339 қаулысына қосымша

Мемлекеттік жалға алу үйлеріндегі 1 шаршы метрге
алынатын жалдау ақысының мөлшері

      Мемлекеттік жалға алу үйлеріндегі алынатын жалдау ақысының есебі кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
      А - мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр, теңге;
      Ц - тұрғын үйдің жалпы көлемінен мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес 1 шаршы метрі құрылысының (сатып алу) құны, теңге;
      Т - ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р –пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне

Р=Г3 :12:Sп

      формула бойынша анықталатын қажетті көлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр теңге
      Г3 жерінде – жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне қажетті көлемінің жылдық сомасы, жылына теңге;
      Sп – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр.
      Мемлекеттік жалға алу үйлерінде алынатын айына 1 шаршы метрге жалдау ақысы келесі формула бойынша есептеледі:

А=Ц:Т:12+Р.

      Мысалы, Ц - 65000 теңге, Т -125 жыл, Р -15 теңге болған кезінде жалдау ақы айына 1 шаршы метрге

А=65000:125:12+15=58,3 теңге құрайды.

      Жалпы көлемі 70 шаршы метр 1 пәтердің жалдау ақысының төлемі құрайды:

58,3*70=4081 теңге айына.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады