Бурабай ауданында 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 9 шешімі. Ақмола облысы Бурабай аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 5 қаңтарда № 1-19-188 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.13 № 4 шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданында 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін «Ақмола облысы Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Щучинск
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Саманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады