Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 205 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына және «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және I, II, III мүгедектерге қосымша көмек беру туралы» Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 3-1-103 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурызда № 28 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 129 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 177 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 7 тамызда № 3-1-118 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 тамыздағы № 96, № 95 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістер ескеріліп, шешімге келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1-1 тармағындағы:
«3000 теңге мөлшерінде» сөзінен кейін «он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына» сөздерімен толықтырылсын;
2 тармақтағы:
«еңбек өтілі толық емес зейнетақы» сөздері «аз зейнетақыдан төмен» сөздерімен ауыстырылсын;
«1, 2, 3 топ мүгедектері» сөзінен кейін «және он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар» сөздерімен толықтырылсын;
2. Осы шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының Ақтөбе қалалық
сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
В. Друзьяк С. Шынтасова