Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.06.13 № 37 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3, 387–баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы аумағын көркейту Қағидасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық, ауылдық және селолық округтерінің әкімдеріне жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы: хатшысы:
Л.В. Грачева А. Кайрушев
Алға аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 5 шешіміне № 1 қосымша.
Алға ауданы аумағын көркейту Қағидасы. 1.Жалпы ережелер
1. Алға ауданы аумағын көркейту Қағидасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 3, 387-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 «Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
Қағида Алға ауданының инфрақұрылым нысандарын көркейту, санитарлық тазалау, аумақты жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді.
Алға ауданы аумағын көркейту,тазалау,жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру мен ұйымдастыруды қала мен село әкімдігінің лауазымды тұлғалары, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қаланы санитарлық күту және көріктендіру кәсіпорындары, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер басшылары жүргізеді.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтаулар
2. Аудан аумағын көріктендіру – кіші сәулет формаларын көркейту нысандарын салу мен жөндеу, аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, елді мекендердің сыртқы келбетін құру бойынша жұмыстарды қамтитын аудан аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс – шаралар кешені.
3. Аудан инфрақұрылымы – адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасайтын аудан аумағында орналасқан түрлі мақсаттағы нысандардың, коммуникация, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің бірлестігі.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты – тапсырыс беруші мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйым арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім.
5. Бекітілген аумақ – осы Қағидамен тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін бекітіліп берілген жер учаскесі.
Ауданның шегінде бекітілген нысандар болып:
1) жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы немесе жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ;
2) ораміші аумақтарының учаскелері;
3) аулаішілік аумақтар – шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, қоқыс жәшіктері алаңдарын автокөлік аялдамаларын сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер, уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ, іргелес жатқан аумақ, жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары табылады.
6. Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да бола алады:
1) пәтер иелері кооперативтері (одан әрі ПИК), кондоминиум басшылары, ғимараттар мен құрылғылар иелері;
2) жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
7. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, фунционалдық қызметіне қарай адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай – ақ, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
8. Жерді пайдаланушы – мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері,пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала және село елді мекендерінің шегінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
9. Жалпы пайдалану жерлері – жеке меншікке берілмейтін жерлер (скверлер, саябақтар, жолдар, жүргінші жолдары және тағы басқа).
10. Қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған арнайы ыдыс.
11. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
12. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан шағын, әсемдік әрі іске жарамды сипаттағы нысандар:
1) сәндік құрылғылар – мүсіндер, субұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар:
2) іске жарамды құрылғылар - орындықтар, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, аттракциондар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көше атаулары үй номерлері жазылған тақтайшалар, бағаналар, көше шамдары және басқалар.
13. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар скверлер), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
14. Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдық, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төглетін) шығару (орналастыру) немесе жинау.
15. Бөлінген аумақ – жерді пайдаланушының (кәсіпорынның, мекеменің, жеке тұлғаның және т.б.) иелігіне берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру пайдалануға берілген жер учаскесі.
16. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі – қалдықтар) – өндіру немесе тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқада бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
17. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және жою залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы.
18. Іргелес жатқан аумақ – жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, құрылғылар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекараларына жанасып жатқан санитарлық нормалармен анықталған аумақ.
19. Жүру бөлігі, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және мөлтек аудандар мен орамдар ішіндегі басқа да қалалық құрылыс нысандарына көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.
20. Қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдық жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасмалдау.
21. Жолдарды күтіп ұстау - көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай жолдар мен жол құрылғыларының көліктік пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
3. Алға ауданы аумағын тазарту тәртібі
22. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
Көше–жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағажайлар). бойынша – мемлекеттік тапсырыс көлемінде уәкілетті органмен жүргізіледі.
23. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына, нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
24. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
3) сыпыру;
4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
25. Қала көшелеріне іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, оларға кіретін жолдарды тазалау және күтіп ұстауды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайы кәсіпорындар көмегімен жүргізеді.
26. Трансформаторларға немесе бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік құрылғыларға (қызмет көрсетушілері жоқ), сондай-ақ, тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
27. Сауда нысандарына (базар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршіктер және т.б.) іргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасы орындарын көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысанының иелері жүргізеді. Іргелес жатқан гүлзарларда, сауда шатырларының, дүңгіршіктердің, басқа да сауда нысандарының үстінде жәшіктерді, ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
28. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
29. Ғимараттарды бұзғанан кейінгі аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс беруші немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
30. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, сондай-ақ, ғимараттарға, құрылғыларға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау бөлінген қаржы шегінде жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
31. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлдары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
32. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен – бір тәулік мерзімінде шығарылады.
33. Су ағатын желісінің бітелуін болдырмау үшін су ағатын коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға болмайды.
3.1.Көктемгі- жазғы мезгілде Алға ауданы аумағын тазартудың ерекшеліктері.
34. Көктемгі-жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуірден–15 қазанға дейін белгіленеді.
Көктемгі – жазғы тазарту алаңдары, жүргінші жолдарын, жүру бөлігін жуу, су шашу және сыпыруды қарастырады.
35. Тазарту кезінде жолдың жүру бөлігі, жүргінші жолдары, жол жиектері қандай да болмасын ластан ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.
36. Аула аумағын, аулаішілік өту жолдары мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан шаңнан сыпыру және жуу ПИК және үй төрағалары тарапынан жүргізіледі.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
37. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақты, жүргінші жолын, көгалдарды, жолжиектерді санитарлық нормаларға сәйкес тазалайды, тазалық және тәртіпті үнемі қамтамасыз етеді. Тазарту жұмыстарының жүргізілуіне орай жиналған қоқысты арнайы кәсіпорынның көмегімен шығарады.
38. ПИК төрағалары, кондоминиум басшылары, ғимараттар мен құрылғылар иелері орамішілік және аула аумақтарын, көшенің жүру бөлігін, жүргінші жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалауды ұйымдастырады.
39. Жеке меншік тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады. Коқыс, тұрмыстық қалдықтарды жеке аймақтардан шығарып жағуға, жинауға, сондай-ақ, ортақ қолданыстағы жерлерге сұйық тұрмыстық қалдықтарды төгуге, тастауға болмайды.
40. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру үшін арнайы белгіленген аймаққа төгілуі керек (қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигон, ассенизация аумағы, жыртылған жер, мал моласы, кәріз жүйелеріне).
41. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайды немесе санитарлық тазарту және жинау жұмыстарын жүргізуге арнайы кәсіпорынмен шартқа отырады.
42. Санитарлық нормаға сәйкес, қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын жәшіктер, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды лақтыруға, сондай-ақ, кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, өндірістік қалдықтарды жағуға, от жағуға жол берілмейді.
43. Жер үсті суларын инженерлік жүйелерге ағызуға кәріздік инженерлік жүйелерді пайдаланушы кәсіпорынмен шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.
44. Көлік құралдарын тұрғын – жай орамдар ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын құдықтар, адамдардың демалу орындарында,тұрғын үйлердің шығу есіктерінің алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
45. Топырақ, төгілмелі құрылыс материалдары және қоқыс тасмалдау кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермейтін шаралар жүргізілу қажет. Төгілмелі материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көлікпен тасымалдауға жол берілмейді.
46. Жолдың жүру бөлігіне қоқыс және қозғалысқа кедергі келтіретін заттар тастауға жол берілмейді.
47. Ортақ пайдалану орындарында, үйдің баспалдақта шығуы мен лифтіні қоса алғанда, үй жануарларын серуендету кезінде пайда болған қоқыс жануарлар иелерімен тез арада тазартылады.
5. Алға ауданы аумағындағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және жою.
48. Қатты тұрмыстық қалдықтар және ірі көлемді қалдықтарды ( құрылыс материалдары, қалдықтар) арнайы бекітілген жерге шығаруды өз бетінше келісім шарт негізінде қоқыс жинау кәсіпорынының көмегімен жүргізеді. Тұрғын үйлер тұрғындары атынан қатты тұрмыстық қалдықтар және ірі көлемді қалдықтар шығаруға арнайы кәсіпорындармен келісім – шарт ПИК – тер, кондоминум басшылары, жеке тұрғын үй иелері жасайды.
49. Тұрғын үйлердің аумағында санитарлық нормаларға сәйкес, қоқыс жәшіктерін орнату үшін көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған қоқыс жәшіктері қолданылады.
50. Сауда ұйымдары ыдыстарды уақытша жинауды арнайы бөлмеде, болмаған жағдайда осы мақсатқа арнайы бөлінген аула алаңдарда жүргізеді. Бұл алаңдар сым қоршаулармен қоршалады.
51. Заңды және жеке тұлғаларға көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, қоқыс және тұрмыстық қалдықтар салынған ыдыстарды көшелерге шығаруға, елді мекендерде, сондай-ақ, қоқыс жәшіктерінде қалдықтар жағуға, жерге көмуге, бей-берекет қоқыс үйінділерін жасауға, қоқысты жерге көмуге, қоқыс жәшіктері алаңдарын ластауға, қоқыс жәшіктері мен оған жақын аумаққа қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын қоқыстарды жинауға жол берілмейді.
52. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге тұрғын үйге арналған қоқыс жәшіктерін қоқыс шығаратын кәсіпорынның келісім шартсыз пайдалануға болмайды.
53. Қатты тұрмыстық қалдықтар шығару қоқыс шығару көліктерімен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз тұрғын үйлерден бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
54. Аумағында (бөлініп берілген, бекітілген аулаішілік) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар бар заңды тұлғалар мына талаптарды:
1) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар, оларға баратын жолдарды қатты жамылғылармен төсеу;
2) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар іргелес жатқан аумақтарға қоқыс шашылмауы үшін бүтін қоршаумен қоршау;
3) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар мен оған іргелес жатқан аумақтың тиісті санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;
4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасау;
5) жылдың қысқы мерзімінде қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдарды арнайы автокөлік жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз ету;
6) қоқыс жәшіктерін уақытында жөндеу және одан әрі пайдалануға келмейтіндерін ауыстыру;
7) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды және қоқыс жәшіктерінің астауын сондай-ақ, қалдық салғыштардың тұрақты жуылуын залалсызданыдырылуын және шыбын – шіркейге қарсы шаралардың қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет;
55. Қоқыс жәшіктері орнату үшін алаңдар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан 25 метр қашықтықта болуы керек. Алаңның көлемі қажетті қоқыс жәшіктерінің санын орнатуға есептеледі.
56. Қалдықтарды уақытша сақтау орындары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен және коммуналдық қызметтерімен келісілуі қажет.
57. Қоқыс жәшіктерінен қоқысты көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
58. Қоқыстарды жою Алға ауданының қала және селолық елді мекендерінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргізіледі.
59. Қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен және коммуналдық қызметтермен келісуі қажет.
60. Жөн-жосықсыз үйінділердің жиналуына, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі Қазақсан Республикасының заңнамаларында көрсетілген. Жөн-жозықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жозықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен белгіленген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
61 Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында сауда және басқа нысандарда кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір-бірінен 40 метр қашықтықтан аспай, аулаларда, саябақтарда, алаңдарада және басқа аумақтарда 100 метр қашықтықтан аспай орнатылады. Сауда нысандарына кіре берістерде екі қораптан орнатылады.
62. Қоқыс қораптарын орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес, аумаққа қызмет көрсетуші мердігер кәсіпорынмен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады. Күніне бір рет жуылады. Жылына екі рет залалсыздандырылып, екі реттен кем емес сырланады.
63. Сауда нысандарында орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, залалсыздандырады.
6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау.
64. Тұрғын үй құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, скверлер, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен – демалу орындықтарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, қоқыс қораптарымен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен жабдықталады.
65. Шағын сәулет нысандыры жылжымалы және тез жиналмалы болуы мүмкін, олардың саны мен орналасуы аумақтарды көркейту жобаларымен анықталады.
66. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, сквелер мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
67. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырыс берушімен бекітілген жобалық – сметалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
68. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
69. Шағын сәулет нысандарының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізу тиіс. Шағын сәулет нысандарын ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі – жазғы мезгілдерде жүргізіледі.
70. Алға ауданының ІІБ Жол полициясы инспекторлары сыртқы көріктендіру элементтерінің (қоршау, электр бағаналары, жиек тастар және тағы басқа) бұзылуы болған жол - көлік оқиғасы туралы ақпарат болған жағдайда Алға қаласының және селолық округ әкімдері аппараты Мемлекеттік мекемесіне хабарлайды (келісім бойынша) және жол көлік оқиғасына кінәлі есебінен мүлікті қалпына келтіруге тиісті шаралар бір апта ішінде жүргізіледі.
7. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау.
71. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады:
1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқаны орнатуы тиіс;
2) қоршау металдан жасалған материалдан немесе қоршауға арналған темір – бетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
3) құрылыс алаңынан екінші дәрежелі көшелерге шығуға арналған аз мөлшерлі қақпа немесе шлагбаум орнатылған шығу жолдары қарастырылуы тиіс;
4) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады.
72. Құрылыс алаңы аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақтылы шығарылуы ұйымдастырылады:
1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылуы тиіс;
2) құрылыс алаңының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық қабыршақтар, үгінділер, жаңқалар,орауға арналған материалдар және тағы да басқалары) шығуына жол бермейтін (желмен) шаралар көзделуі тиіс;
3) жабық лотоктар мен жинаушы бункерлерді қолданусыз нысандардың жоғарғы қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға жол берілмейді;
4) қажеттілік туындаған кезде жүргінші жолдарың төсеніштер, таяныштар, айналма және уақытша жолдар жабдықтау және олардың ұқыпты түрде ұстау қамтамасыз етіледі.
73. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырылады, қазып алған топырақ (аумақты көркейтуге қажетті құнарлы топырақты есептемегенде), қирандылар қалдығы, қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына және коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен басқа учаскелерге тез арада шығарылады.
74. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын,қар мен мұзды уақытында шығаруды ұйымдастыру үшін құрылыс жүргізуші осы жұмыстар түріне лицензиясы бар арнайы кәсіпорындармен келісім-шартқа отырады немесе өзбетімен қоқыс шығарады.
75. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ, жүруге, жүргіншілердің өтуіне пайдаланылған аумақты, құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарды, инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді қалпына келтіреді.
76. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған, кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі.
Бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес, жасыл желектер отырғызу келтірілген шығынды қалпына келтіру болып саналмайды.
8. Алға ауданы аумағындағы жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа да нысандардың, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, құрылғыларды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі.
77. Жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа қала және селолық елді мекендерінің аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Алға қаласының және селолық елді мекендерінің әкімдігінен жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуы керек. Жұмыстар жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізу тәртібі талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Тоқтап тұрған құрылыс нысанын (ұзақ салынып жатқан) күтіп ұстау жауапкершілігі баланс ұстаушыға (тапсырыс берушіге – құрылыс жүргізушіге) жүктеледі.
78. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілері орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Қоршау жұмыс жүргізу кезінде жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге бөгет болмауы, түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қоршау үздіксіз болуы және бөгде адамдардың құрылыс алаңына кіруінен сақтауы тиіс. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынуы тиіс.
79. Қазу жұмыстарын жүргізген ұйым жол бөлігінің барлық ені немесе жүргінші жолының қазылған жерлерінде бұзылған екпе шөптер, жасыл желектер, асфальт жамылғысын қалпына келтіруі қажет.
80. Асфальтты-бетонды жамылғы жұмыстардың аяқталып, қазылған орлардың толық көмілгенінен кейін дереу қалпына келтіріледі.
81. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып есептеледі.
82. Көшенің жүру бөлігімен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлінген немесе жойылған жағдайда бір күн ішінде дереу қоршалады және жер асты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан қалпына келтіріледі.
9. Тұрғын – жай орамдары мен шағын аудандарды, жеке үй құрылысы аудандарын көркейту.
83. Санитарлық және архитектуралық нормаларға сәйкес, шағын аудандар мен орамдардың тұрғын – жай аймақтары қоқыс жәшіктері алаңдарымен, кір жаятын, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендететін, автотұрақ, көлік қою алаңдарымен, жасыл желек аймағымен жабдықталуы тиіс.
84. Тұрғын – жай орамдары шағын аудандар аумақтарында, сондай – ақ, аула маңы аумақтарында мына тәртіптерді сақтауға:
1) көтермелердің, жүргіншілер жолдарының, орамішілік кіру – шығу жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
2) аулаішілік аумақты құрылыс материалдарымен жабуға жол бермеуге;
3) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңдарының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға тиіс.
85. Тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттар түнгі уақытта жарықтандыратын үй белгілерімен, ал тұрғын үйлер подъездер мен пәтерлер номерлері көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс. Үй белгілері таза және дұрыс жағдайда болуы керек.
86. Меншік иелері, жеке құрылыс учаске иелері аумақты көріктендіру жобасы мен бас жоспарға сәйкес көріктендіруді, қасбет (көше жағы) қоршауларын күтіп ұстау, көгалдандыруды, қоқыс жиналуына, құрылыс және басқа материалдың ұзақ уақыт жиналып тұруына жол бермеуді, үй (учаске) номері көрсеткішін, сондай – ақ, қалалық ақпарат (аншлаг) белгілерін таза ұстауды жүзеге асырады.
87.Жасыл желектерді суару таңғы мезгілде сағат 8-9.-00-ден кешіктірілмей және кешкі мезгілде 18-19.00 - ден кейін жүргізіледі.
88. Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, сондай-ақ, оларға бекітілген учаскелердегі жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстауды сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздері жүргізеді.
89. Орамішілік жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жерді пайдалану аумағындағы тұрғын үй қорының иелеріне жүктеледі.
90.Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарда ағаштарды, бұтақтарды суару жұмыстарын қамтитын агротехникалық шаралар жүргізулері тиіс.
91.Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектер отырғызылған аумақтардың тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, ағынды сулармен ластануына, көгалдар мен жасыл желектер түптерінде балшықтың, қардың, мұздақтың жиналуына жол бермеуі, сынған ағаштар мен бұтақтарды алып тастаулары тиіс.
92. Жасыл желектер алаңдарында:
1) көгалдарда жүруге және жатуға,
2) ағаштарды, бұтақтарды сындыруға, жапырақтар мен гүлдерді жұлуға;
3) шатырлар тігуге және от жағуға;
4) көгалдарды, гүлзарларды, жолдар мен су тоғандарын ластауға;
5) ескерткіштерді, орындықтарды, қоршауларды қиратуға;
6) жазулар жазуға, ағаштарға хабарландырулар, номерлік белгілер, кез келген көрсеткіштер, әткеншектер, жіптер ілуге, бұтақтарда жуылған киімдерді кептіруге;
7) көгалдар мен басқа да жасыл желектер орналасқан учаскелерде вилосипедпен, мотоциклмен және автомашинамен жүруге, көлік құралдарының аялдамасын жасауға;
8) көлік құралдарын тазалауға, кір жууға, сонымен қатар жасыл желектер аумағындағы су тоғандарында малды шомылдыруға;
9) көгалда көлік құралдарымен тұруға;
10) мал бағуға;
11) жасыл желектердің зақымдануын қамтамасыз ететін қоршаусыз құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
12) жасыл желек аумағында құрылыс материалдарын жинап қоюға, сонымен қатар жасыл желектерге зиян келтіретін зиянкестердің тарауына жол беретін материалдар қоймасын орналастыруға;
13) қоқыс, қар және мұз үйінділерін жасауға;
14) ағаштар мен бұталардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, ғимараттардың шатырынан қар лақтыруға;
15) қаланың ортақ пайдалану аумағында жапырақтар мен қоқыс жағуға жол берілмейді.
93. Жеке үй құрылысы аймағында бағалы тұқымды ағаштар мен бұталардан өзге ағаштарды ығыстыру жер учаскелерінің иелері тарапынан өз есебінен жүргізіледі.
10. Апатты жұмыстарды жүргізу.
94. Пайдалану кезінде немесе жер асты және жер үсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғуы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмыс істеуін қысқа мерзімде орындау шараларын қамтамасыз етеді.
95. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын іске асыруы керек. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлік қозғалысынның кауіпсіздігі, сондай – ақ, қатар орналасқан жер асты және жер үсті ғимараттарының, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
96. Апаттық бригаданы, апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында осы апат ауданында жер асты және жер үсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Алға ауданының ІІБ Жол полиция инспекторларына, Алға ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және басқа да мүдделі қызметтерге (келісім бойынша) хабарлайды.
97. Апат аймағында жер асты немесе жер үсті коммуникациялары бар заңды немесе жеке тұлғалар апат болғандығы туралы ақпарат алғаннан кейін апат орнына осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі үшін өздерінің сызбаларымен бірге өкілдерін жіберулері қажет.
98. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушылар, апат жұмыстары басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуы тиіс.
99. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда аудандық ІІБ-нің жол полициясы инспекторлары жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің иелерімен бірге апатты жою мерзімін белгілеу жөнінде жедел шешім қабылдайды (келісім бойынша).
100. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады.
101. Бұзылған жол төсеніштері мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары инженерлік желілер иесі болып табылатын кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
11. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін күтіп ұстау.
102. Балансында ғимараттар мен құрылғылары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылғылардың иелері аталған нысандардың және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғытру, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшаларды, ескерткіш тақталарын және тағы басқаларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға тиіс.
103. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және құрылғылары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскілеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
104. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосулары керек. Ғимараттардың қасбетіне немесе құрылғылардың бетіне жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттарды біріктірулеріне болады.
105. Ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың касбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге тиіс.
12. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау.
106. Аудан елді мекендерінің аумағын жарықтандыру аумақ иелерімен шарт бойынша электрмен жабдықтаушы ұйымдар және кәсіпорындармен жүргізіледі. Сыртқы жарықтандыру элементтерін пайдалану мен күтіп ұстау меншік иелерінің өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
107. Көше шамдарын басқа да сыртқы жарықтандыру көздерін орналастыру құрылыс салу мен көгалдандырумен үйлесумен қатар жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмей, қауіпсіз орта құруға ықпал етуі тиіс. Саябақ аумағымен және тұрғын орамдармен өтетін жаяу жүргіншілер бағыттарын, оқушылар, мүгедектер және қарт адамдар жүретін жолдарды жарықтандыруға ерекше көңіл аудару керек.
108. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде техникалық нормаларға сәйкес беріледі.
109. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейіндер, шартты желілерінің элементтері мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен және байланыс жүйесі тазалықта ұсталуы қажет.
110. Жарық пен байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы негізгі магистральдарда кешіктірілмей, сондай-ақ, басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар – табылғаннан кейін тәулік ішінде бағана иесімен жүргізіледі.
111. Басты көшелер мен алаңдарды мерекелік безендіру Алға қаласы, ауыл және селолық елді мекендерінің әкімдерінің бекіткен мерекелік безендіру жоспарына сәйкес меншік иесімен орындалады.
13. Алға ауданы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар.
112. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуына бақылауды және қала және селолық елді мекендерінің аумағын көркейту тәртібін бұзғаны үшін шаралар алу, сондай – ақ, қала және селолық елді мекендерінің инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшін өз құзіреттері шегінде:
1) ішкі істер органы;
2) мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органы жүргізеді.
14. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі.
113. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралыКодекске сәйкес жауап береді. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жоюдан босатпайды.