Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "Алға ауданының мүгедектері үшін 2010 жылға жұмыс орындарында квота бекіту туралы" № 122 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 500 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қарашада № 3-3-114 тіркелді. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 02-1/08 хатымен

      Ескерту. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011.01.06 № 02-1/08 хатымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Номативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 28 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 272 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алға ауданының мүгедектері үшін 2010 жылға жұмыс орындарына квота бекіту туралы» 2010 жылдың 26 сәуіріндегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 12 мамырында № 3-3-108 болып тіркелген, 2010 жылдың 18 мамырындағы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 26 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      1-тармағындағы «мүгедектер үшін» деген сөздерден кейін «жазасын өтеп келгендер және жасы кәмелетке толмаған интернат мекемелерінің түлектері» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Алға ауданының әкімі                   Қ.Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады