Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Тамды селолық округінің әкімі шешім етті:
1. Тамды селолық округі әкімінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 26 «Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-88 тіркелген, 2009 жылғы 20 қазандағы «Жұлдыз - Звезда» газетінің № 43 санында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. тармағы № 10 «М.Мамбетова» көшесі, «М.Маметова» көшесі деп өзгертілсін және осы тармаққа № 18 «Темір жол бойындағы «Центральная» көшесі – «Қобыланды батыр» көшесі деп толықтырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тамды селолық округінің әкімі Султанов Т.Б.