Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 68 қаулысы. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 6 мамырда № 3-4-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 20.04.2016 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 және 3 тармақшаларына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандағы мүгедектерге жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Мекемелермен және ұйымдармен тығыз байланыс орната отырып, жұмыссыз есебінде тіркеуде тұрған еңбекке жарамды мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес жұмысқа орналастырып, оларға жолдама беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ш.Спановаға тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: Б.Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады