Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.06.15 № 143 Қаулысымен.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқығын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 5-2, 5-3 тармақтарына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңның 11, 31-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша жалпы жұмыс орындарынан мүгедектер үшін 3% мөлшерінде жұмыс орындарын белгілейтін мекемелер мен кәсіпорындар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Досекешов) және «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М.Тұрымов), «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты мемлекеттік мекемесіне (Н.Сәрсенбайұлы), орталық аудандық ауруханаға (Ж.Сүлейменов) бекітілген мүгедектерді жұмысқа орналастыру тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 89 қаулысымен бекітілген
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
№ |
Мекемелердің атауы |
Жұмысшылар |
Жұмыс |
1 |
Білім бөлімі |
731 |
3 |
2 |
«Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты ММ |
98 |
2 |
3 |
Аудандық аурухана |
280 |
1 |
БАРЛЫҒЫ |
1109 | 6 |
---|