Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 119 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 «Байланыс туралы» заңының 36- бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифының көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тарауының 3-тармағына сәйкес, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-48 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 5 сәуірде аудандық «Қарғалы» газетінің 14 санында жарияланған «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және жекешелендірілген газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз және ас дайындау көгілдір отынына) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы», аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 32 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-55 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 және 22 қаңтарда аудандық «Қарғалы» газетінің 2-3 сандарында жарияланған) «Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда 3-6-48 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2 «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және жекешелендірілген газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз және ас дайындау көгілдір отынына) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 42 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-60 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 сәуірде аудандық «Қарғалы» газетінің № 18-19 сандарында жарияланған) «Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда 3-6-48 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2 «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және жекешелендірілген газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз және ас дайындау көгілдір отынына) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат |
Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы |
хатшысы |
В.Пашкевич |
Ж.Құлманов |
Қарғалы аудандық мәслихатының |
|
2010 жылғы 23 ақпанындағы |
|
№ 192 шешімімен |
|
БЕКІТІЛГЕН |
Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Аудандағы тұрғындарға тұрғын үй көмегін беру Ережесі (одан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді, сонымен қатар аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум обьектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, ауданның жергілікті атқарушы органы.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған мемлекеттік тұрғын үй қорларға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жолдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған және мұқтаж отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2.Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес құжаттарды ұсынады.
2. Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеңілдіктері бар тұлғалар мен тұрғын үй көмегін алушыларға аудан әкімдігі жанындағы түрғын үй инспекциясымен келісіліп, пәтер иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісін басқару органының мөрімен және бастығының қолымен расталған кондоминиум объектісінің жалпы меншігіне күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізу түрлеріне шығындар сметасының негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізуге нысаналы жарнамалар мөлшері туралы шоттар бойынша 50% мөлшерінде түрғын үй көмегін тағайындау кезінде ғана толенсін.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.10.22 № 232 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ отбасылар:
1) меншік түріне қарамастан, бір баспанадан артық (пәтер, үй) үйі бар немесе үйлерін жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады;
2) жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін тұлғалары бар отбасылар (барлық топ мүгедектерді қоспағанда) өзін-өзі жұмыспен қамтымағандар, оқу орындарында оқымайтындар, әскер қатарында қызмет етпейтіндер, 1, 2 топ мүгедектеріне күтім жасайтын немесе 14 жасқа дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында дау, жанжал немесе қиындылық тудыратын жағдайлар болса, бұл мәселе аудан әкімі жанындағы арнайы инспекция қарауына ұсынылады.
5. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін беретін органға өз баспанасының кез келген өзгерістері туралы, отбасы туралы және отбасының кірісі туралы, сондай-ақ жәрдемақы дұрыс есептелмеген жағдайдағы өзгерістерді 10 күн ішінде хабарлауы тиіс.
Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін беретін органға жалған мәлімет бергендіктен тым артық көмек тағайындалған болса немесе заңсыз көмек алған болса, жалдаушы (пәтер иесі) бір жыл бойына тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, сондай-ақ, заңсыз алынған көмекті заңда белгіленген тәртіп бойынша қайтарылады.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
1. Тұрғындарға тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру, меншік нысананың барлық түрлері белгіленген үйлерде тұратын тұлғаларға, аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
2. Қарғалы аудандық қаржы бөлімі көрсетілген қаржыны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюджеттік есеп шотына жібереді, ал олар «Қарғалы аудандық тұрғын үй шаруашылығы,, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінің шаруашылығын жүргізуге «Бадамша - Сервис» КММ-нің, Қарғалы аудандық газ шаруашылығы учаскесі «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның, Қарғалы элкетрлі жүйелер учаскесінің, Қарғалы аудандық телекоммуникация жүйесі «Қазақтелеком» АҚ-ның, «Қазпошта» АҚ-ның шоттарына тізімге сәйкес тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шотына аудару үшін жібереді.
3. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаржылардың шығындарының дұрыстығын тексеру жұмыстарын қажет болған жағдайда жүргізеді.
4. Аудан тұрғындарына тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар жүзеге асырады.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі және мөлшері.
Тұрғын үй көмегі, меншік нысанасына қарамастан, аз қамтылған, нысаналы топтың құрамына кіретін отбасыларына және мұқтаж азаматтарға, отбасыларына, меншік иесі, не тұрғын үй пайдаланушысы болып табылатын сол жерде тұратын тұрақты тұрғындарға мына жағдайда тағайындалады: егер коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылу және жекешеліндірілген көгілдір отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен қамтамасыз ету, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз, электрмен жабдықтау және де сұйытылған, табиғи көгілдір отын) ас дайындау көгілдір отыны) тұтыну шығыны өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының шамасы шегінде шамадан, жыл сайынғы бекітілген тарифтерден 1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғандағы отбасы кірісінің 2 пайызынан асып кеткен жағдайда, ал мына отбасыларға - 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар отбасыларға 1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда отбасыларға тұрғын үй алаңына және отбасының табысына қарамастан жоғарыда көрсетілген коммуналдық қызметтер толығымен өтеледі.
1. Тұрғын үй көмегі нақтылай ақшалай түрінде емес, коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылу және жекешеліндірілген көгілдір отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен қамтамасыз ету, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз электрмен жабдықтау және де сұйытылған, табиғи көгілдір отын) тұтыну төлемдерін кеміту түрінде көрсетіледі.
Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеңілдіктері бар және тұрғын үй көмегін де алуға құқылы тұлғаларға әлеуметтік қорғау түрінің біреуін таңдауға мүмкіндік беріледі.
Тұрғын үй көмегі арыз жазған күннен бастап ұсынылған құжаттармен бірге келісім шарт бойынша пайдаланушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында тағайындалады.
2. Коммуналдық қызметтерге борышты болу тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартуға негіз бола алмайды, борышты өтеу туралы сұрақтар қызмет көрсетуші тарапынан сот төрелігімен шешіледі.
Отбасы табысы, коммуналдық қызмет тарифі өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған көмек қайта есептелінеді.
3. Отбасының жиынтық табысын анықтау барысында, атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысын, бала туылғаннан кейінгі және бала күтімі үшін берілетін жәрдемақыны, жерлеуге берілетін ақшаны, тұрғын үй көмегін қоспағандағы кірістің барлық түрлері, арыз берген тоқсанның алдағы тоқсандағы ақшалай немесе табиғи түрде алған кірістер есепке алынады.
Еңбек қызметінің кірісі төлеуге арналған (салықтық есептемелер, міндетті зейнетақы жарнасына, алименттерден басқа өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың кірісі жазбаша түрде расталады) сома мөлшерінде жұмыс орнынан берілген еңбекақы жөніндегі мәліметтерді берумен сәйкес отбасының кіріс жиынтығы ескеріледі.
Қосымша шаруашылықтың кіріс мөлшері, бір айлық есептік көрсеткіш шамасының екі есе мөлшерінде, алдынғы тоқсандағы отбасының кіріс жиынтығы ескеріледі.
4. Өтемақы шарасымен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының шамасы тұрғын үй заңнамасында белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін эквиваленттік шама бойынша, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден кем болмауы тиіс:
1) көпқабатты пәтерлердің бір, екі не одан да көп бөлмелерінде тұратын, құрамында бір адамы бар отбасылар үшін жеке үйде 36 шаршы метр әлеуметтік жасау шамасын бекіту;
2) тұрғын үй көмегіне есеп айыру кезінде электр энергиясын тұтынудың бір адамға айлық шамасы 60 квт/сағ, бірақ отбасына 120 квт/сағ мөлшерінен аспайтын әлеуметтік шаманы бекіту;
3) тұрғын үй көмегіне есеп айырысу кезінде табиғи және сұйытылған көгілдір отынды тұтынуда бір адамға қажет суды ысытуға, ас дайындауға жұмсалатын бір айлық шығын шамасы мына тәртіпте бекітілсін:
көгілдір отын пеші және орталық ыссы су жабдығы болған жағдайда – 10 куб.м;
көгілдір отын пеші болып, көгілдір отынмен істейтін су ысытқыш және орталық ыссы су жабдығы болмаған жағдайда – 12,5 куб.м;
тұрғын үйді жылыту үшін (1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда) жылыту алаңының 1 кв.м. - 10 куб.м;
бір плитаға айына сұйытылған көгілдір отын (газ баллон) шығыны – 13 кг.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган пәтерлердің негізгі меншік иелерінің (жалдаушылардың) ай сайынғы көрсетілген көмектің соммасын көрсеткен күйі «Қарғалы аудандық тұрғын үй шаруашылығы,, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінің шаруашылығын жүргізуге «Бадамша - Сервис» КММ-не, Қарғалы аудандық газ шаруашылығы учаскесі «КазТрансГазАймақ» АҚ-на, Қарғалы элкетрлі жүйелер учаскесіне, Қарғалы аудандық телекоммуникация жүйесі «Қазақтелеком» АҚ-на, «Қазпошта» АҚ-на тізімдер ұсынылады. Соңғылары тұрғын үй көмегінің соммасын берілген тізімдерге сәйкес коммуналдық қызметтерді алушылардың есеп шоттарына аударады.