Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 119 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 ақпандағы № 192 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3-6-101 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 8 сәуірдегі «Қарғалы» газетінің № 24-25 жарияланған)шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің екінші бөлімінің 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеңілдіктері бар тұлғалар мен тұрғын үй көмегін алушыларға аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй инспекциясымен келісіліп, пәтер иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісін басқару органының мөрімен және бастығының қолымен расталған кондоминиум объектісінің жалпы меншігіне күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізу түрлеріне шығындар сметасының негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы жарнамалар мөлшері туралы шоттар бойынша 50% мөлшерінде тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ғана толенсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
сессия төрағасы хатшысы
С.Алмағамбетов Ж.Құлманов