Қарғалы ауданының әдiлет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда N 3-6-48 болып тiркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2 "Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтердi (орталықтандырылған және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтерi (абоненттiк төлем), қоқыс шығару, кәрiз және ас дайындау көгiлдiр отына) тұтыну шығындарын өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi жөнiнде Ереженi бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 32 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 8 қаңтарда N 3-6-55 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.02.23 № 192 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» 97 бабының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық қызметтердi тұтыну үшiн шығындарды өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi жөнiнде Ереженiң атауына «сумен жабдықтау» сөздерiнiң соңына «электрмен жабдықтау» сөздерi енгiзiлсiн.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2 шешiмiмен бекiтiлген «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтердi (орталықтандырылған және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтерi (абоненттiк төлем), қоқыс шығару, кәрiз және ас дайындау көгiлдiр отына ) тұтыну шығындарын өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi жөнiнде» Ережесiне төмендегiдей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1 тармақ жаңа редакцияда былай мазмұндалсын:
      1 қазаннан бастап 30 сәуiрдi қоса алғандағы алатын тұрғын үй алаңының орнына және отбасы табысы жиынтығына қарамастан орталықтандырылған жылыту және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ас дайындау көгiлдiр отына, салқын және ыссы сумен жабдықтау, кәрiз, қоқыс шығару, электрмен жабдықтау және байланыс қызметтерiн (абоненттiк төлем), тұтыну шығындары толығымен өтелетін 1,2,3 топ мүгедектерi бар отбасыларды, 16 жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек балалары бар отбасыларды қоспағанда, тұрғын үй көмегi, меншiк нысанына қарамастан, нысаналы топтың құрамына кiретiн тұлғаларға, сондай – ақ Қарғалы ауданының тұрақты тұрғындарына және меншiк иесi не тұрғын үй пайдаланушысы болып табылатын жеке тұлғаларға мына жағдайда тағайындалады, егер коммуналдық қызметтердi тұтыну шығыны (орталықтандырылған жылыту және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтерi (абоненттiк төлем), қоқыс шығару, кәрiз, электрмен жабдықтау және төмендетiлген және табиғи көгiлдiр отын) жыл сайынғы белгiленген тарифтермен 1 қазаннан бастап 30 сәуiрдi қоса алғандағы тұрғын үй алаңының шамасы шегiнде отбасы табысы жиынтығынан 2 % асып кетсе;
      1-2-3 топ мүгедектері бар, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім балаларды асырап алушы отбасыларға, төрт немесе одан да көп бірге жасайтын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, Чернобыль АЭС – індегі апатты жоюға қатысқандардың отбасыларына, ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылытуы жоқ қаза болған жауынгерлердің отбасыларына алынған отынның айлық есеп көрсеткішінің он есе мөлшеріндегі құны біржолғы төлем түрінде болған тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      2) 2 тармақ жаңа редакцияда былай мазмұндалсын:
      Тұрғын үй көмегі нақты ақшалай түрінде емес, коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, қоқыс шығару, кәріз, электрмен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем) және төмендетілген және табиғи көгілдір отын) тұтыну төлемдерін кемейту түрінде беріледі. Коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктері бар және сонымен қатар тұрғын үй көмегін де алуға құқылы тұлғаларға әлеуметтік қорғау түрінің біреуін таңдауға мүмкіншілік беріледі.
      3) 3 тармақ алып тасталсын;
      4) 6 тармақта:
      бірінші қайырмадағы «тұрғын үй көмегі» деген сөздер «қамқорлыққа алушының (қамқоршылардың) кірісі» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші қайырмадағы «алименттер» деген сөздер «өз бетінше жұмыс істейтін тұрғындардың кірісі жазбаша өтініштермен расталады» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7 тармақ
      3.1, 3.4 тармақшалары алып тасталсын;
      3.5 тармақшасы жаңа редакцияда былай деп мазмұндалсын:
      тұрғын үй ғимараттарын жылыту үшін (1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда) – 1 кв. м жылыту алаңына 10 куб. м.
      төмендегідей мазмұндағы 3.6 тармақшасымен толықтырылсын:
      бір айдың ішіндегі бір плитаға кеткен төмендетілген көгілдір отынның шығыны – 13 кг.
      6) 8 тармақтағы «жеке меншіктер» деген сөздерден кейінгі «немесе» жалғаулығы «және» жалғаулығымен ауыстырылсын.
      7) 14 бап жаңа редакцияда былай мазмұндалсын:
      Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі көрсетілген көмектің сомасы көрсетілген пәтерлердің негізгі (жалдаушы) меншік иелерінің тізімдерін жасайды, бұл тізімдер ай сайын «Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушы транспоттары және автокөлік жолдары» ММ, Қарғалы газ шаруашылығы бөлімі «Ақтөбе газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС, Қарғалы электрлік жүйелер учаскесі «Энергожүйе» ЖШС, Қарғалы телекоммуникация торабы «Қазақтелеком» АҰ, «Қазпошта» АҰ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бадамша - Сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беріледі.
      8) 15 тармақта
      «Қазақтелеком» АҚ сөздерінен кейін «Қазпошта» АҚ деген сөздермен толықтырылсын;
      «берілген» деген сөздердің соңындағы «өтініштер» деген сөз «тізімдер» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9) төмендегідей мазмұндағы 19 тармақпен толықтырылсын:
      Объективті себептермен өз уақытында алынбаған тұрғын үй көмегінің сомасы өткен кезең үшін мерзімі шектеусіз төленеді.
      3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 шілдедегі № 2 “Қарғалы ауданының әдiлет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда № 3-6-48 болып тiркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы №2 «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және жекешелендірілген газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем),қоқыс шығару, кәріз және ас дайындау көгілдір отына) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы” шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндетіне жүктелсін.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: хатшысы:
      С. Алмағамбетов Ж. Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады