Қарғалы ауданының әдiлет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда N 3-6-48 болып тiркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2 "Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтердi (орталықтандырылған және жекешелендiрiлген көгiлдiр отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, байланыс қызметтерi (абоненттiк төлем), қоқыс шығару, кәрiз және ас дайындау көгiлдiр отына) тұтыну шығындарын өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi жөнiнде Ереженi бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 42 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 7 сәуірде N 3-6-60 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.02.23 № 192 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» 97 бабының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда № 3-6-48 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2 «Аудан тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), қоқыс шығару, кәріз және ас дайындау көгілдір отына) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі жөнінде Ережені бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 1 тармақтағы “ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1,2,3 топ мүгедектері бар, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім балаларды асырап алушы отбасыларға, 4 немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқандардың отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына алынған отынның айлық есеп көрсеткішінің он есе мөлшеріндегі құны біржолғы төлем түрінде болған тұрғын үй көмегі көрсетіледі” деген сөздер алынып тасталсын.
      2) 7 тармақ 3.5 тармақшасындағы «алаңына» деген сөз «ай сайын» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

      Аудандық мәслихат       Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы:       хатшысы:

      С. Алмағамбетов            Ж. Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады