Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.11.15 № 487 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек 20000 теңге көлемінде көрсетілсін.
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А.Т.Жұмабаева) материалдық көмек төлеуге қаражаттар қарастырсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева) біржолғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
4. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сесссиясының төрағасы хатшысы
Н. Әшімов А. Смағұлов