Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімінің 2012.04.16 № 2 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағын, 18, 20, 44 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында, ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. 1994 жылы туылған азаматтарды және тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген жас мөлшері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу, 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін:
тіркеу орны болып Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің ғимараты белгіленсін.
2. Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
1) осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
2) осы шешімнің орындалуы жөнінде ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін беру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Т.Жансеитов