Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2011.01.05 № 4 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 92 «Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 маусымда № 3-11-78 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымда аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Елубаев Марат Қожабекович - «Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Бюрин Әділбек Кенжебайұлы - Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша)
көрсетілген комиссия құрамынан: Отаров Серік Отарұлы, Күмісқалиев Талғат Жолдасұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М.Джумагазиев.