Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2010 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 25 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 3-12-114 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 329; 2012 жылғы 8 ақпандағы № 29 қаулыларымен.

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.12.31 № 329; 2012.02.08 № 29 Қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәсіпорын, ұйым және мекемелер басшылары жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.

      2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуы бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру ұйымдастырылсын.

      4. Хромтау ауданы әкімдігінің "Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 10 ақпандағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-88 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 26 наурызда "Хромтау" газетінде № 15-16 нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ельдесовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А.Усмангалиев


Об установлении квоты рабочих мест за 2010 год для принятия на работу инвалидов в организациях, предприятиях и учреждениях

Постановление Хромтауского районного акимата Актюбинской области от 10 февраля 2010 года N 25. Зарегистрировано Управлением юстиции Хромтауского района Актюбинской области 15 марта 2010 года за N 3-12-114. Утратило силу в связи с истечением срока действия постановлениями акимата Хромтауского района Актюбинской области от 31 декабря 2010 года № 329; от 8 февраля 2012 года № 29.

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия постановлениями акимата Хромтауского района Актюбинской области от 31.12.2010 № 329; от 08.02.2012 № 29.

      В целях реализации подпунктов 5-2, 5-3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения" и статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года № 39 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и согласно пункта 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Руководителям организации, предприятии и учреждении установить квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов об общей численности рабочих мест.

      2. Государственному учреждению "Хромтауский районный отдел занятости и социальных программ" организовать работу по выполнению данного постановления.

      3. Государственному учреждению "Хромтауский районный отдел предпринимательства" организовать создания дополнительных рабочих мест для инвалидов через развитие индивидуального предпринимательства, малого и среднего бизнеса.

      4. Признать утратившим силу постановление акимата Хромтауского района "Об установлении квоты рабочих мест за 2009 год для принятие на работу инвалидов в организациях, предприятиях и учреждениях" от 10 февраля 2009 года № 49 (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-12-88, официально опубликованное 26 марта 2009 года в газет "Хромтау" за № 15-16).

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Ельдесова С.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

Аким района

А.Усмангалиев